Атырау, 26 желтоқсан 04:01
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Атырауда Toyota Camry мен «жедел жәрдем" көлігі соқтығысып қалды Атырауда

Атырауда Toyota Camry мен «жедел жәрдем" көлігі соқтығысып қалды

30 қаңтарда сағат 21:40 шамасында Атырауда Досмұхамедов пен Тайманов көшелерінің қиылысында  Toyota Camry автокөлігі бағдаршамның жасыл түсіне қозғалып келе жатқан кезде оң жағынан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп келе жатқан Lada Largus жедел жәрдем автокөлігіне соқтығысқан. Соқтығыс екпінімен "жедел жәрдем" көлігі жол жиегіндегі жол белгісіне соққан.  Сурет 31 қаңтар 2022, 14:39 1 824 рет қаралды
Атыраудағы иіс: құсу рефлексі және одан әрі тізбек бойынша Атырауда

Атыраудағы иіс: құсу рефлексі және одан әрі тізбек бойынша

2021 жылдың 22 желтоқсанында (бұған дейін де, одан кейін де бірнеше рет болған) Атырауда өте жағымсыз иіс пайда болды. Бірақ сол жолы жергілікті экология белсенділері әрекет етуді ұйғарды. Жел солтүстік-батыстан соғып, бір топ белсенді осы бағытқа шығып, нысандар мен мекемелерді тексерді. Олардың назарына медициналық қалдықтар мен жануарлардың өлекселері табылған қоршалған аумақ ілікті. Сурет Бейнежазба 31 қаңтар 2022, 15:00 1 976 рет қаралды
Мұзға сырғанау қызық болғанымен қауіпті Атырауда

Мұзға сырғанау қызық болғанымен қауіпті

Демалыс күндері Жайықтағы мұздің үстінде адам көп, мұнда жүрген балалар да ата ана да көңілді. Халық қайда, кәсіпкер сонда дегендей, сырғанауға арналған құралдарды, төртаяқты велосипедті жалға берушілер мен попкорн, тәтті мақта сатушылар осы мұз үстінен орын тепкен. Сырғанау құралдары 15 минутқа 500 теңгеден беріледі.  Сурет Бейнежазба 31 қаңтар 2022, 09:42 3 124 рет қаралды
Атырау полициясы бастығының орынбасары әлеуметтік желіге шықты Атырауда

Атырау полициясы бастығының орынбасары әлеуметтік желіге шықты

Атырау қалалық полиция басқармасының бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ  Facebook-тегі парақшасына ол “Динамо” спорт залында қаңтардағы митингке қатысқандарды ұстап әкелгендерді азаптауға бұйрық берді деген өзіне қатьысты айтылған ақпаратқа қатысты жауап ретінде жазба жариялады. Оның айтуынша, мұның бәрі жалған ақпарат. 31 қаңтар 2022, 09:30 2 415 рет қаралды
Жолда жүк көлігі мен «Тойота» соқтығысты. Жеңіл көліктегілер опат болды Атырауда

Жолда жүк көлігі мен «Тойота» соқтығысты. Жеңіл көліктегілер опат болды

28 қаңтар күні сағат 16:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 71 шақырымында MAN жүк көлігі мен Toyota Camry  автокөліктері соқтығысып қалды. Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы (оның 2 жасөспірім) оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаға орнында тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. 29 қаңтар 2022, 09:29 2 604 рет қаралды
Ауыр жүк көліктері салмақ​ талабын сақтамайды Атырауда

Ауыр жүк көліктері салмақ​ талабын сақтамайды

Былтыр жол жүру талаптарын орындамаған ауыр жүк көлігінің жүргізушілері облыстық бюджетке 52 миллион теңге айыппұл төлеген. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Сурет 28 қаңтар 2022, 16:51 2 165 рет қаралды
Сотқа дейінгі ауыр жаза Атырауда

Сотқа дейінгі ауыр жаза

Сағат ЖОЛДАСОВ – «Динамода» соққыға жығылғандардың бірі. Ұсталғандардың басым бөлігі 488-бап бойынша әкімшілік жазаға тартылса, Жолдасовтың ісі Қылмыстық кодекстің 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздік») бойынша қаралып жатыр. Ол 12 қаңтарда ұсталып, 13-і күні облыстық ауруханаға тексеруге жеткізілді. Бүгінде жағдайы нашар болса да, тергеу изоляторында тергелуде және медициналық көмек ала алмай отыр. Сурет Бейнежазба 28 қаңтар 2022, 15:55 2 724 рет қаралды
Қылмыскерлер жәбірленушіні банк картасынан 500 мың теңге түсіруді мәжбүрлеген Атырауда

Қылмыскерлер жәбірленушіні банк картасынан 500 мың теңге түсіруді мәжбүрлеген

17 қаңтарда кеште Атырауда белгісіз біреулер көшеде 28 жастағы қала тұрғынын тоқтатып, ұрып-соғып, "Каспи" картасынан 500 000 теңгесін түсіртіп, тартып алған. Бейнежазба 28 қаңтар 2022, 12:02 1 710 рет қаралды