Атырау, 27 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Прокуратура Құрманғазы атындағы Мәдениет үйіне жасалған күрделі жөндеуді заңсыз деп таныды

1 175 просмотра

Атырау қаласының прокуратурасы тексеру жүргізіп, тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшартты бұзуды талап етті.

Республикалық маңызы бар сәулет-қала құрылысы ескерткіші - Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының заңдылығын тексеру нәтижесі белгілі болды. Еске салсақ, тексеру жұмыстары «АЖ» қадағалау органына жазбаша хат жолдағаннан кейін басталып, біз егжей-тегжейлі жазған заң бұзушылық фактілері расталды.

«Іс материалдары бойынша жергілікті атқарушы органның жобалық-сметалық құжаттаманы жасау кезінде «Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 31 және 32-баптарының талабын сақтамағаны анықталды», - деп хабарлайды редакциямызға Атырау қ. прокуроры Руслан АЙТИМОВ қол қойған жауапта. – Бұл нысанның тарихи-мәдени мұра екені және күрделі жөндеу кезінде оның негізгі сәндік элементтері зақымдануы мүмкін екені ескерілмеген. Сондай-ақ, аталған нысанды күрделі жөндеумен айналысатын кәсіпорынның ғылыми-реставрация жұмыстарын жүргізуге тиісті лицензиясы болуы керектігі ескерілмеген».

Тексеру барысында прокуратура облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне «Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы» МКҚК және мердігер – «Азамат Құрылыс» ЖШС арасында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзу шараларын алу талабымен жүгінді».

Сонымен қатар, прокуратура қаулысымен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар ісі басқармасының жауапты қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 447-бабы - «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Енді әкімдік жаңа тендер өткізіп, бұл жолы бәрін ақылға салып жасайды деп үміттенеміз.

Лев ГУЗИКОВ

Суреттерді түсірген автор

4 шілде 2023, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.