Атырау, 30 қыркүйек 14:28
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстан Қырғызстанға электр жарығын беріп, орнына су алады 

458 просмотра

Сырдың төменгі ағысына келетін су мөлшері артады, деп хабарлайды 24kz.

Ол үшін еліміз алдын ала келісілген міндеттемелерін орындады. Енді Қырғызстан "Тоқтағұлдан"секундына 460 текше метр су жіберуі тиіс. Қазіргі көрсеткіш бұдан сәл кем. Жағдайды еліміздің Энергетика министрлігі жіті назарда ұстап отыр. Алмасадам Сатқалиев Ташкентте қырғызстандық және өзбекстандық әріптестерімен кездесіп, вегетациялық кезеңге қатысты мәселелерді талқылады. Бауырлас мемлекеттер энергетикалық ресурс тапшылығына бірлесіп жол бермеуге уағдаласты. Сондықтан қоймалардағы тіршілік нәрін барынша тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығына сақтап қалуды ойластырып жатыр. Мәселен, Қазақстан Қырғызстанға қыркүйектен бастап келер жылдың сәуіріне дейін 1 жарым млрд киловатт/сағат электр қуатын жөнелтпек. "Сол арқылы "Тоқтағұлдан" жаз айларында қажетті су мөлшерін алуға мүмкіндік туады", - дейді мамандар. 

Ералы Шынасылов, "KEGOC" АҚ жүйелік операторы диспетчерлік орталығының директоры: 

- Нарын өзеніне келетін судың азаюына байланысты Қырғызстанның энергия жүйесіне қосымша электр энергиясын жеткізуді талқылап жатырмыз. Қырғыз тарапы бізден 1,5 млрд киловатт-сағат электр қуатын сұрап отыр. Қазақстан бұл сұранысты толығымен өзі өтемек ниетте. Жетпегенін Ресей Федерациясынан алатын боламыз. Соның нәтижесінде біз «Тоқтағұлда» сақталған су көлемін аламыз.

4 шілде 2023, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.