
Құрманғазы ауданында 7-разъезд – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік бағытында кезең-кезеңімен жүргізілетін жол құрылысы басталды. Ауқымды жоба жергілікті елді мекендер арасында көлік қатынасын жақсартуға бағытталған.
Өңірлік коммуникация қызметі хабарлағандай, қазір 36 шақырым жолда құрылыс басталып, қалған учаскелерде дайындық жұмыстары қолға алынған:
0-36 шақырым аралығында құрылыс жұмыстары басталды.
36-98 шақырым учаскесін салу бойынша «КазКомСервис» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.
98-180 шақырым аралығына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиевтің айтуынша, бұл бағытта бұған дейін асфальт жол болмаған. Тұрғындар қатынас үшін қара жолды пайдаланған.
– Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы және халықтың тұрмыс сапасын жақсартудағы маңызды жобалардың бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстарын кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатырмыз, – деді Әсет Оразғалиев.
В Атырау +16.3