Атырау, 30 қыркүйек 14:38
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Талдықорғанда арнайы операция барысында жергілікті тұрғынның үйінен 27,5 кг каннабис табылды

760 просмотра

Талдықорғанда марихуана сатушы ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Талдықорған қаласында есірткі сату орнын анықтау бойынша арнайы операцияны полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаменті өкілдерімен бірлесіп жүргізді.

Құқық қорғау органдары 40 грамнан астам марихуана сатуға әрекет еткен 39 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен 27,5 кг каннабис тектес есірткі табылды.

«Аталған факті бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», - деді Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

3 шілде 2023, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.