Атырау, 26 желтоқсан 04:29
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Атырау-Дамбы жолындағы және көктайғақтағы басқа да жол-көлік апаттары Атырауда

Атырау-Дамбы жолындағы және көктайғақтағы басқа да жол-көлік апаттары

Бүгін, 26 қаңтар күні сағат 08:20 шамасында Атырау-Дамбы тас жолында орналасқан көлік жуу орталықтарының бірінің тұсында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. «Lada Priora»маркалы автокөлігі жолдан тайып кетіп, «Kia Rio» маркалы  және «Ваз 2112» маркалы автокөліктеріне соқтығысқан. Оқиға салдарынан 46 жастағы «Lada Priora» жолаушысы оқиға орынында көз жұмды. «Kia Rio» жүргізушісі мен «Ваз 2112» автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді.  Сурет 26 қаңтар 2022, 15:45 2 087 рет қаралды
Мектеп директоры 6 миллион теңгеге зиян келтірген Атырауда

Мектеп директоры 6 миллион теңгеге зиян келтірген

Атырау қалалық №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») және 369-бабы («Қызметтік жалғандық жасау») бойынша айыпталған М.Бекмұхамбетов атындағы мектеп директорына қатысты үкім шығарды. Ол «АЖ» оқырмандарына былтыр мектептің спорт залындағы жөндеу жұмыстарын аяқтауға мұғалімдер жіберілген хикаядан жақсы таныс. 26 қаңтар 2022, 15:12 2 156 рет қаралды
Қаңтардағы митингтің заңдылығы туралы сұраққа қатысты Атырауда

Қаңтардағы митингтің заңдылығы туралы сұраққа қатысты

Атырау облысы полиция департаментінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, 19 қаңтардағы жағдай бойынша ішкі істер органдарына 748 адам жеткізілді. Олардың нешеуі жауапкершілікке тартылды, қанша адам қамауда отыр? 26 қаңтар 2022, 11:00 1 595 рет қаралды
«Қар адамы» Жарылғасын Байжанов:«Қыс айын асыға күтемін» Атырауда

«Қар адамы» Жарылғасын Байжанов:«Қыс айын асыға күтемін»

Шыңылтыр аязы шымшыған қыстың тынық күні. Айнала аппақ ұлпа қарға көміліп жатыр. Жартылай жалаңаш ақсақал аязға қарамастан ақ ұлпаның үстіне отыра қалып, үстін қармен ысқылап біраз отырды. Одан кейін шелек толы суға қарды салып, мұздай суды басынан төмен қарата құйып жіберді де жалаңаяқ жүгіріп кетті. Сурет Бейнежазба 25 қаңтар 2022, 16:52 2 243 рет қаралды
«Бұл Перетаскадағы алғашқы бала өлімі емес. Каналды қоршау керек» Атырауда

«Бұл Перетаскадағы алғашқы бала өлімі емес. Каналды қоршау керек»

Перетаска жылы каналында бірнеше рет балалар қаза тапқаннан кейін құтқарушылар оның жағасын қоршау мәселесін қоймақ. Бұл туралы брифингте ТЖД басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхат ЕРЖАНОВ мәлімдеді. Брифингте таяуда осы каналға батқан 9 жасар баланың өлімі басты тақырып болды. Бейнежазба 25 қаңтар 2022, 12:07 1 540 рет қаралды