Бұл туралы Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерұлан СЕРІКҚАЛИЕВ баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Бизнеске жол» жобасы Атырау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат - аталған жоба кәсіпкерлерге құжаттарды ресімдеу кезінде әртүрлі әкімшілік кедергілерді сезінбеуге көмектесуімен ерекшеленеді.
- Бизнес субъектілері мемлекеттік қолдау шаралары, салықтық әкімшілендіру, жүк тасымалдау, жер қатынастары және кедендік әкімшілендіру салалары мәселесі бойынша жүгінді. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласында департаменттің ұсынуы бойынша квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік органның субъектілері 153 кәсіпкерге 992 млн. теңге мөлшерінде берешек төледі. Көбінесе шенеуніктер әртүрлі кедергілерді өздері қолдан жасайды. Сондай жағдайда әр кәсіпкер өзінің құқығын қорғай білуі шарт. Осы тұста біздің орталық кәсіпкерлерге көмектесуге әркез дайын, - деді Е.Серікқалиев.
Егер сізде сұрақтар туындаса, «Е-өтініш» порталы арқылы өтініш жазуыңызға немесе 1424 Call-орталығына қоңырау шалу арқылы хабарласуыңызға болады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған сурет