Атырау, 30 қыркүйек 16:30
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Экология министрлігі «Каспий жағалауынан итбалық өлекселері табылды» деген ақпаратты жоққа шығарды

714 просмотра

28 маусымда Ақтау қаласындағы Каспий теңізі жағасындағы демалыс орнынан 2 өлі итбалық табылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, табиғат қорғау прокуратурасы, мамандандырылған ғылыми ұйымдардың өкілдері, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология департаменттері және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді», – деді министрліктен.

29 маусым күні таңертең жергілікті балық инспекциясы басқармасы, экология департаменті, ветеринарлық қызмет және Қазгидромет қызметкерлері болжамды орынға барған. Алайда ол жерде итбалық өлекселері табылмаған.

Қазір облыстық балық инспекциясы басқармасының инспекторлары итбалық өлекселерін анықтау мақсатында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізіп жатыр.

1 шілде 2023, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.