Атырау, 23 қараша 20:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕО басшылары Украинаға "қанша керек болса, сонша уақыт" көмектесетіндерін мәлімдеді

637 просмотра

Еуроодақ елдерінің басшылары Брюссельдегі саммитте Украинаға "қанша керек болса, сонша уақыт" көмектесетінін мәлімдеді. ЕО елдерінің басым бөлігі Литвада өтетін НАТО саммитінде Украина қауіпсіздігіне кепілдік беру мәселесін қарастырады, деп хабарлады Азат Еуропа/Азаттық радиосының Брюссельдегі тілшісі.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельдегі кездесу кезінде "Вагнер" тобының Ресейдегі бүлігі туралы айтты. Столтенбергтің айтуынша, оқиға Ресейдің ішкі жүйесіндегі қайшылықтар барын көрсетеді. Дегенмен НАТО жетекшісінің айтуынша, бұл Ресейдің ішкі мәселесі.

Саммитке онлайн қосылған Украина президенті Владимир Зеленский ЧВК бүлігі Ресейдің "әлсіздігінен" хабар береді деді. Украина басшысының сөзінше, бұл Киевке Мәскеу басқыншылығына қарсы күресте көмегін тигізеді.

Зеленский ЕО басшыларын Украинаға қосымша әскери көмек беруге және Украинаны НАТО-ға қосуға үндеді.

Кездесуге қатысқандар бөлек мәлімдеме жасап, Қытайды Ресейге қысым жасауға үндеді. Олар Ресей ешқандай шарт қоймай, Украина аумағынан әскерін әкетуі тиіс деп санайды және осы бойынша Пекинді Мәскеуді көндіруге үндеді.

Мәлімдемеде сонымен бірге ЕО Қытаймен халықаралық және экономикалық әріптестігін жалғастыратыны жазылған. Мәлімдемеде Еуроодақ жетекшілері Тайвань бұғазында жағдайдың ушығуына және Тайваньға қарсы күш қолдану қатері, бұған қоса Қытайдағы адам құқығы ахуалына алаңдаушылық білдірген.

1 шілде 2023, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.