Атырау, 23 қараша 21:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Apple құны 3 трлн доллардан асты

936 просмотра

Apple компаниясының акциялары жұма күнгі сауданы 3 триллион АҚШ долларымен аяқтады. Бұл – осы межеге жеткен жалғыз компания, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Мұның бәрі соңғы 40 жылда Nasdaq-та тіркелген бірінші жартыжылдықтағы ең жақсы өсімнің арқасында болған. Apple акциялары жұмада 2%-дан аса өсіп, бір акция бағасы рекордтық деңгейге – 193,97 долларға жетті. Бұл баға айналымдағы 15,7 млрд акциясы бар Apple-ді өзінің тарихи нарықтық құнына жеткізіп отыр.

Apple компаниясының құны 2022 жылдың 3 қаңтарында күндізгі сауда-саттық кезінде осындай көрсеткішке жеткен. Бірақ содан кейін бұл позицияны ұстай алмаған еді. Apple (AAPL) акциялары биыл 49%-ға өсті. Бұл ірі технологиялық компаниялардың акцияларының кеңеюіне, соның ішінде инвесторлардың жасанды интеллектке қызығушылығына ықпал етті.

1 шілде 2023, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.