Әсем де әдемі таңның атуы мен күннің батуын қызықтап жүрген қала тұрғындары бүгінгі аспандағы найзағай жарқылын көріп, одан да асып түскен кереметті тамашалағандай болды.
Атмосферадағы осы бір сирек кездесетін құбылысты көрген жүздеген адам сурет пен таспаға түсіріп, таңданып, жарыса бөлісіп жатыр.
Википедияда айтылғандай, аспандағы жарқыл – алыстағы найзағайдың көкжиегінде байқалатын лездік жарқылдар.
Үлкендердің айтуынша, бұл құбылыс қатты ыстық келе жатқанды білдіреді екен.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Видеоны түсірген автор және әлеуметтік желіден алынған