Атырау, 30 қыркүйек 14:30
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

АИ-95-ке сұраныс артты: Қазақстан Ресейден бензин импорттауды пысықтап жатыр

600 просмотра

Қазақстанның ірі жанар-жағармай құю бекеттері Ресейден бензин импорттау мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Жазғы демалыс кезеңін және АИ-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде ірі жанар-жағармай құю стансалары - «PetroRetail», «Sinooil», «Helios» және «Газпромнефть» АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтап жатыр», - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта елдегі жанар-жағармайдың (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қоры:

- автобензин АИ-92 – 357 мың тонна. Бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті;

- АИ-95 – 50 мың тонна (15 тәулік);

- дизель отыны – 518 мың тонна (28 тәулік).

«Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жанар-жағармай жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп, мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингілеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен тасымалдануына жол бермеу жөніндегі қызметі жалғасуда», - делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Шымкент мұнай өңдеу зауыты ішінара жөндеуге жабылатынын хабарлаған болатын.

Осыған орай, шілде айына автобензиннің қажетті мөлшерін сақтау үшін өндірістік жоспарлар келесідей түзіліп отыр:

- Атырау МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, АИ-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.- Шымкент МӨЗ-де – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, АИ-92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.

1 шілде 2023, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.