Атырау, 11 қараша 18:04
 дождьВ Атырау +5.4
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41

Атыраудан Алматыға бет алған ұшақ Қызылордаға шұғыл қонды

1 182 рет қаралды

Атыраудан Алматыға ұшқан ұшақ жолаушылардың бірінің денсаулығына байланысты шұғыл түрде Қызылордаға қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, 1 шілдеде Атырау-Алматы бағытындағы KC7196 рейсі сағат 7:00-де Қызылордаға шұғыл қонды. Оған жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлығы себеп болған.

"Жолаушы Қызылордада медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ұшаққа жанармай құйылды, ол Алматыға ұшуға дайындалып жатыр", - делінген әуетасымалдаушы хабарламада.

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне тасымалдаушының кінәсі болмағанын атап өтті.

Бұған дейін Дубайдан Алматыға ұшатын қазақстандықтар техникалық себептерге байланысты шетелде біраз уақыт "құлыпталған".

1 шілде 2023, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.