Атырау, 27 қараша 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырау жарық пен сусыз қалды

1 688 просмотра

Бүгін, 3 шілдеде Атыраудың көптеген ықшамауданында электр жарығы өшіп, су беру тоқтатылды. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Маңғыстау атом электр комбинатында апат болды. Белгілі болғандай, МАЭК Ақтауды ғана емес, ішінара Атырау мен БҚО-ны да электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Кешке таман АМӨЗ жақтан  алау желмен будақтап, қара түтін тарады. 

«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметі Балауса, Ракуша, Лесхоз, Авангард, Нұрсая, Жерұйық және басқа да ықшамаудандарда апатқа байланысты уақытша электр жарығы болмайтынын хабарлады.

Ал Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі мынадай хабарлама таратты: "3 шілде күнгі сағат 18:25-те ( Астана уақытымен) АО «KEGOC»  тарапынан электр энергиясының өшірілуі салдарынан зауыт жұмысын тоқтатты.

Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілді".

Қазіргі уақытта электр энергиясы әлі берілген жоқ. Зауыттың техникалық бөлімі оның себептерін анықтап, зауыт жұмысын жандандыру шараларын қолға алуда. Зардап шеккендер жоқ».

Сәлден соң «Атырау-Жарық» АҚ мен ҚР Энергетика министрлігі өз түсініктемелерін берді.

«Атырау-Жарық» АҚ: “МАЭК - Казатомпром”  ЖШС станциясында № 1 қуат блогында апатты өшу орын алды.

Осыған байланысты әуе желісінде жиілік көрсеткішінің төмендеуіне байланысты Атырау облысының электр жылу орталығы АҚ стансасы және ТШО, NCOC, стансалары оқшауланған жұмыс режиміне ауысты.

Қазіргі уақытта “Атырау Жылу орталығы” АҚ- ы 35 кВ әуе электр желісі қосылды, және әрі қарай электр жарығын толықтай беру жұмыстары атқарылуда.

Уақытша туындаған қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралады.

Энергетика министрлігі: "Электр энергиясының терең отырғызылуына байланысты Атырау МӨЗ-нің технологиялық және қосалқы объектілері апатты жағдайда тоқтағанын хабарлаймыз.

Авариялық жағдайларды жою және оқшаулау жоспарларының талабына сәйкес объектілер тоқтатылып, технологиялық газ алау қондырғыларына жіберілді.

Электр энергиясын отырғызу себептері анықталуда, ақпарат қосымша ұсынылады.

ЖЖМ қоры елдің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді және Шымкент пен Павлодар МӨЗ-дері жөндеуден шыққан сәтке дейін жеткілікті.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан қолдан шу шығармауды сұраймыз".

...Ал, жалпы, тұрғындар жарықсыз, сусыз қалғанда «дүрлігетіні» сөзсіз.

Жарық көп ықшамауданда беріліп жатыр, дегенмен іркілістер болып тұр. Жарық бір жанып, бір сөніп қалады. Қаладағы кей үйлерде үш рет сөнді деп жатыр.

Айнұр САПАРОВА 

Бейнежазбаны түсірген автор 

3 шілде 2023, 20:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.