Атырау, 30 қыркүйек 14:32
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1 271 просмотра

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының лауазымына Дастанбек ҚОСПАНОВ тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ таныстырды.

Дастанбек Қоспанов Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «экономист-қаржыгер» мамандығын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмәмдаған.

2004-2005 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалында әр түрлі қызмет атқарды, 2007 - 2008 жылдар аралығында Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2008 - 2016 жылдар аралығында Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында әр түрлі қызмет атқарды, 2017 - 2019 жылдар аралығында «Атырау қалалық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директорының орынбасары, 2017-2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директоры қызметін атқарады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.