Атырау, 30 қыркүйек 14:28
 ашықВ Атырау +17
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Маңғыстау атом электр комбинатын жөндеуге қосымша 1,8 млрд теңге бөлінеді

414 просмотра

Маңғыстау атом электр комбинатын жөндеуге жоспардағы 3,1 млрд теңгенің үстіне қосымша 1,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңғыстау атом энергетика комбинаты коммуналдық меншікке берілгенін білесіздер. Яғни, нысанның орнықты жұмысы бойынша жол картасы анықталып қойған. Бұл атом электр стансасы емес, газбен жұмыс істейді. Осы жол картасын іске асыру үшін жөндеу жоспары құрылған», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айтуынша, Үкімет аталмыш жол картасы аясында нысанды жөндеу жұмыстарына 3,1 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдап қойған.

«Осы апат жөнінде өңір әкімімен сөйлестік. Қондырғыларға дәл қазір тапсырыс беру үшін әкім қосымша 3,1 млрд теңге қаражат сұрады. Сонда қорытынды сома 4,9 млрд теңге болады. Премьер-Министрдің шешімі, Энергетика министрлігінің тиісті қорытындысы бар. Бұл ақша жақын күндері бөлінеді. Яғни, апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр», - деді министр.

4 шілде 2023, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.