Атырау, 16 желтоқсан 00:03
 ашықВ Атырау -8
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Барлық жаңалық

Оқиға

Қысқа қайырғанда

«Стоп-трафик» операциясының барысында полицейлер Амангелді көшесіндегі пәтерлердің бірінен Құрманғазы ауданының Нұржау селосының тұрғыны қамқорлық еткен притонды анықтады.ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, онда Оңтүстік Қазақстан облысынан келген үш қыз тұрады екен. Қожайын әйел оларға клиент тауып беріп, сол үшін әр қыздан 500 теңгеден алып отырыпты. 8 қыркүйек 2011, 17:35 2 427 рет қаралды
АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады Басқа жаңалықтар

АХАЖ-ға бармай-ақ үйленуге болады

Нұргүл ЖҰМАҒАЛИЕВА электронды қолтаңбаның көмегімен түрлі қызмет түрлерін жеңілдету үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келіпті. «Мүліктер бойынша анықтамалар алып, коммуналдық қызметтерді төлеп, басқа да нәрселерді электронды түрде атқаратын боламын, осылай анағұрлым қолайлы», - дейді Нұргүл. 8 қыркүйек 2011, 21:00 7 656 рет қаралды
Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем» Мәдениет

Қарбыз, Мәсімов және «көк көйлектің ішіндегі көктем»

Айтыс өнері атам қазақтың қанындағы нәрсе. Рухты тәрбиелейтін құрал деп білеміз біз оны. Алайда, жақында Атырауда өткен белгілі айтыскер ақындар Ақмарал ЛЕУБАЕВА мен Айбек ҚАЛИЕВТІҢ жекпе-жек айтысы жергілікті өнерсүйер халықтың алдында өзінің беделін төмен түсіріп алғандай ма дерсің. Бәске ештеңе тігілмегесін бе, жекпе-жек айтыс дегеннен гөрі, оған жеңіл-желпі айтыс деген атау сай еді. 8 қыркүйек 2011, 17:17 7 235 рет қаралды
Сұлу өнердің сыршыл шеберлері Мәдениет

Сұлу өнердің сыршыл шеберлері

«Woman Art Дизайн» шығармашылық тобының жұмысы көптеген елдердің көрермендерін баурап алды.  Енді өнерді бағалайтын атыраулық қауымның оралдық суретшілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстарын тамашалауға мүмкіндіктері бар. 8 қыркүйек 2011, 16:44 14 197 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Атырауда 30 - ға тарта адам ұсталды. Іздеу жарияланғандардың бірі ІІМ-не шағымданды

Құқық қорғау органдарының ресми емес хабарламалары бойынша соңғы бірнеше күннің ішінде тек Атырау және қала маңындағы елді-мекендерден радикальды діни топтармен байланысы бар деген күдікпен 30-дай адам ұсталды. Бұл шараның басым бөлігі тікелей көшелерде және қоғамдық көліктерде жүргізілді. Ал бұл халыққа қосымша үрей туғызды. Ұсталғандардың көпшілігінің лаңкестік туралы ешқашан да ойламаған болуы, тек жай ғана сыртқы түрімен ерекшеленуі  де мүмкін еді. «Алдын-ала жүргізілген шаралар» барысында көз қырына кез болғандары да жоқ емес. Олардың барлығы да  күні бүгінге дейін тергеу изоляторында  отыр, деп хабарлайды бізге ресми емес ақпарат көздері. Бүгінгі күні барлық күш құрылымдарының баспасөз қызметтері табанды түрде үнсіздікті сақтап отыр. 1 қыркүйек 2011, 22:24 4 004 рет қаралды
Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді Басқа жаңалықтар

Прокурор облыстағы орын алған ахуалдың мән-жайын мәлімдеді

Кеше баспасөз-конференциясында  Атырау облысының прокуроры Сайфулла КЕМАЛОВ лаңкестік әрекеттерді дайындауға күдікті делінген топтың ұсталғандығы  жөнінде ресми мәлімдеме жасады.  Ол сондай-ақ, облыс халқына ендігі жерде еш қауіптің жоқ екендігін атап өтті.  1 қыркүйек 2011, 16:32 8 318 рет қаралды
Сыңғырла, алғашқы қоңырау! Басқа жаңалықтар

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Бүгін алғаш рет мектеп партасына Атырау облысында шамамен 10 мың бала отырмақ. Солардың бірі 6 жастағы Бекзат ЕРКІН. Өзінің сүйікті шөбересін мектепке  апару  үшін  80 жастағы Балған әже Оралдан әдейілеп келіпті. 1 қыркүйек 2011, 16:43 7 114 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұғалімдер жалақысына үстеме ақы қосылады

1-ші қыркүйектен бастап мұғалімдерге үстеме ақы қосылатын болады. Бұл үстеме тек жоғары санатты мұғалімдерге ғана емес (басында солай жоспарланған еді) барлық ұстаздар қауымына тиесілі. 1 қыркүйек 2011, 23:09 4 012 рет қаралды
Қала бірінші сыныптықтарға қол ұшын берді Басқа жаңалықтар

Қала бірінші сыныптықтарға қол ұшын берді

Нұрберген Қайрошев пен қарындасы Нұрайна (суретте) тетелес, бірақ мектепке бірге барады. Сабақты осылай оқыған қызықтырақ болады, - деп шешіпті ата-аналары. «Мектепке дейінгі даярлық бойынша олар үлкен белсенділік танытты. Ал қайырымдылық көрсетушілерден мектеп формасы мен су жаңа мектеп құралдарын сыйлыққа алған олар 1 қыркүйекті асыға күтуде», - дейді бірінші сыныптықтардың анасы Алмагүл. 1 қыркүйек 2011, 16:50 3 209 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Шеру болмағанмен, концерт өтті

30 тамыз күні сағат 11.00-ге белгіленген мерекелік жарнамаларда уәде етілген ҚР Ата заңы-  Конституция күніне арналған қала еңбекшілерінің шеруі мен облыстағы кәсіби ұжымдардың концерттік бағдарламасы өтпей қалды. Бейресми  ақпарат бойынша, шараны болдыртпау жөніндегі бұйрық облыстық әкімдік тарапынан жасалған екен. 1 қыркүйек 2011, 22:45 2 691 рет қаралды
Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар Басқа жаңалықтар

Алаңдағы шаралар және ел аузындағы әфсаналар

30 тамыз күні кешкісін Исатай-Махамбет алаңында мереке күндері үшін тосын жай болды. Сағат 20.30-ға қарай сахна бос қалып, аппаратуралар әкетілді. Концерттің болғандығын тек жиналмаған турникеттер мен көрермендерге арналған орындардан ғана білуге болады. Алаң маңынан милиция жасақтары байқалмады, тек Сәтбаев даңғылының бойындағы жолда жол полициясының көлігі тұрды. 1 қыркүйек 2011, 22:50 3 075 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Облыстық әкімдікте ауыс-түйістер жалғасуда

Әсия ҚЫСТАУБАЕВА өзі атқарып келген облыстық ішкі саясат басқармасы бастығы лауазымынан Атырау облысы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметіне ауысты. Қыстаубаеваның орынында басқарманы уақытша оның орынбасары Оразбек ҚАСЫМОВ басқарып отыр. Облыстық статистика департаментінің қабылдау бөлмесі бұрынғы бастықтары Мардан СЕЙІТҚАЛИЕВТІҢ жұмыстан өз еркімен кеткендігін хабарлады. 1 қыркүйек 2011, 16:24 2 685 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Шекарадағы кесене

Таяу күндердегі жоспарланған Атырауға сапарында президент Н.Назарбаев Астрахан облысы  Красноярский  ауданындағы Кішкене  Арал  селосында салынып жатқан Бөкейхан кесенесінің  ашылу салтанатына қатысуы да мүмкін. Бөкейхан кесенесі (ұзындығы – 15 м, ені – 12 м, биіктігі – 22 м) Қазақстан-Ресей шекарасынан жүз метрдей жерде қызыл кірпіштен бой көтеріп келеді. Кесене жергілікті бюджеттен қаржыландырылып отырған жоқ, толығымен кәсіпкерлер мен депутаттардың – Амангелді БАРАҚАТОВ, Әбдібек БИСЕНОВ, Болат ҚОНАРБАЙ, Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ және басқа да азаматтардың  қаржысына салынып жатыр. 1 қыркүйек 2011, 16:22 3 481 рет қаралды