Бүгін Сириядағы қаруды жою жұмыстары басталды. БҰҰ ресми өкілі Мартин Несиркидің айтуынша, БҰҰ-ның химиялық қару бойынша сарапшылар тобы Сириядағы жұмысын аяқтап, елден кетті.
БҰҰ бас хатшысы мен оның сарапшылары химиялық қаруды қолданғандарды анықтауды мақсат етіп отырған жоқ. «Кінәні немесе жауапкершілікті кімге жүктеу керектігін біз шешпейміз», - дейді ол. Қазан айының соңында сарапшылар тобы Сирияда химиялық қару қолданылғандығы туралы баяндама жасамақшы, алайда, оны кім қолданғанын анықтауға мүдделі емес. БҰҰ улағыш заттардың қолданылуына кім жауапты екенін анықтау үшін БҰҰ-ға мүше елдерден жаңа мандат қажет.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирия жөніндегі қарары 28 қыркүйекте шығарылды. Бұл құжат Сирия үкіметі мен оппозициясына химиялық қаруды жоюды міндеттейді. Қарарға сәйкес бұл талап орындалмаса немесе заңсыз жолмен басқа біреулердің қолына өтсе және оны қолданса шара қолданылады. Әскери қақтығыстар басталуы да мүмкін. Құжатта барлық мемлекеттерден химиялық қаруды шығаруға, сатып алуға және қолдануға мемлекеттік емес субъектілерге көмек көрсетпеу талап етілген.
Дереккөз: Baq.kz