Қазақстанда сейсенбіде жастарды күзгі мерзімді әскерге шақыру басталды деп хабарлайды Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 10 мыңнан астам адамды шақыру жоспарлануда»,-делінген хабарламада.
Науқан қарсаңында шілде мен қыркүйек айлары кезеңінде мерзімді әскерге шақырылушыларды алдын-ала іріктеуге байланысты әскери басқару органдарының мамандары әскерге шақырылатын контингентке тексеру жұмыстарын жүргізді.
Әскерге шақырылушылардың жеке істерін сапалы тексеру жұмыстарына Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, ЗАГС, денсаулық сақтау ұйымдары мен облыс жұртшылығын әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері тартылды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заң бойынша мерзімді әскери қызметке он сегіз бен жиырма жеті жас аралығындағы кейінге қалдыруға жатпайтын әскерге шақырылудан босатылмаған Қарулы Күштерді жасақтауға қажетті азаматтар шақырылады.
Әскери бөлімдерге іріктеу және тарату кезінде әскерге шақырылушының әскерге дейінгі мамандығы есепке алынады.Әскери бөлімдерге жасақтау экстерриториялық принцип бойынша жүзеге асырылады. Мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру уақыты он екі ай.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА