Атырау, 23 сәуір 12:27
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Уақыт келді, ал Қашаған әлі тұр

2 864 просмотра

Бүгін, 1 қазанда Солтүстік-Каспий бойынша Өнім бөлінісі туралы келісімге қосымша келісімшартқа сәйкес, НКОК консорциумының шығындары мұнаймен өтелмейді деген мерзім де болды. Естеріңізге салсақ, келісімшарттың басты шарты бойынша осы мерзімде коммерциялық мұнай өндіру басталуы керек болатын.

Бүгін, НКОК баспасөз қызметі хабарлағандай, «Болашақ» зауытында D аралындағы газ құбырын жөндеу жұмыстары жалғасудаТұрба тағы сыр берді» жарияланымын қараңыз). Компаниядағылар қазіргі кезде 24 қыркүйекте орын алған техникалық оқиғаға тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын қосымша хабарлады: «Уытты күкіртсутек шығарындысының денсаулық үшін қауіпті көлемде ауаға тасталуы анықталмады. Адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Мұнай өндіру тоқтатылды, теңіз және құрлық кешендеріндегі барлық өндірістік құрылғылар күту режимінде тұр. Атырау ТЖД мен облыстық экология департаменті осы оқиға бойынша тексеру жүргізуді қолға алды. Жалпы мақұлданған тәжірибеге сәйкес, газ құбырының құрлықтағы бөлігі оқшауландырылды, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында қысымды түсіріп, азотпен тазарту жүргізілді. 26 қыркүйекте кешкісін тұрба құбырын ашу жұмыстары басталды. Тұрба құбыры учаскесін тексеру 27 қыркүйекте, газ кету көздері анықталғаннанк кейін жөндеу жұмыстары 28 қыркүйекте басталды. Мұнай өндіруді жалғастыру уақыты туралы әзірге айту әлі ертерек (өзім белгіледім – Л.С.)».

Естеріңізге салсақ, апат болғаннан кейін екі күннен соң мұнай және газ министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН Қарабатандағы оқиғаны «іс жүзінде тек апат қана емес, бүкіл желіні тексеру» деп мәлімдеген еді.

– Біз мұнай өндірісінің тоқтатылуы коммерциялық өндіріске кері әсерін тигізбейді деп ойлаймыз... Бүгінде коммерциялық деңгеймен қамту үшін зауыт қуаттылығы, ұңғымалар әбден жеткілікті. Егер қазір біз біржола реттеп алсақ, кеніш жүйесінің өзі коммерциялық өндіріс деңгейін беруге қабілетті. Әзірге мақсатымызға жетпейтіндей өзгеше себептер көріп отырған жоқпыз, - деді Қарабалин. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

1 қазан 2013, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.