Атырау, 23 қараша 20:24
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Президент АҚШ елшілерін елден қуып шықты

1 633 просмотра

Венесуэла Президенті Николас Мадуро оппозициямен бірлесіп елде дүрбелең туғызбақшы болған үш америкалық дипломатты Венесуэладан қуып шықты.

Мадуро 2011 жылдан бері АҚШ елшісі болып отырған Келли Кейдерлинг пен екі елшісіне ел аумағынан шығып кетуге 48 сағат берді. «Янки гоу хоум, қараларыңды батырыңдар!» деп хабарлады президент жергілікті телеарнадан. Оның айтуынша, америкалық дипломаттар оппозиция өкілдерімен жиі кездесіп, ел экономикасын құлдырату үшін түрлі айла-шарғылар ұйымдастырып келген. «Барак Обама бұған қалай қарайтыны мені қызықтырмайды» дейді ол.
5 наурызда Венесуэла үкіметі елдегі тыныштықты бұзуға ниеттенген екі америкалық әскери атташені ел аумағынан қуып шыққан еді. Мадуроның айтуынша, олардың бірі Венесуэла әскерилерінен қарулы күштері туралы ақпарат алуға және бейбіт халық арасына іріткі салуға талпынған.

Дереккөз: Baq.kz

1 қазан 2013, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.