30 қыркүйекте сағат 15.00 шамасында Атырау қаласының сыртындағы Ақсай селолық округының Ақжар елді мекеніндегі бір тұрғын үйдің шарбағында тұрған тұрмыстық газ баллон жарылды.
Баллон Ақжайық көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында тұрған құрал-саймандар контейнерінде жарылған. Кейіннен анықталғандай, «БірлікЖолСтрой» ЖШС-тің үш жұмысшысы (екеуі - Түркия азаматы) жеке заттарын түрлі құрылыс материалдары салынған контейнерде сақтаған екен. Олар контейнер есігін ашқан сәтте жарылыс орын алған.
Үш ер адам да облыстық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Контейнерден еш нәрсе қалмапты. Жарылыс толқынынан ауладағы үйдіңтерезелері сынып, шарбақ ұшып кеткен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ