Атырау, 2 мамыр 02:09
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Барлық жаңалықтар

Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба? Экономика

Ет қымбаттауына ауа-райы себеп болған ба?

Демалыс күндеріне қарай «Дина» базарында сиыр етінің бір келісінің бағасы 1500 теңгеге дейін шарықтап кетті. Ал облыстық әкімдіктің резервіндегі арзандатылған картоп сататын сөрелер босап қалды. Базар ішінде біздің қорымызды сатып алушы басқа облыстың алыпсатарлары жөнінде қауесет жүріп жатты. 16 ақпан 2011, 00:00 3 305 просмотра
Балабақша ақысы 8 мың теңге болды Қоғам

Балабақша ақысы 8 мың теңге болды

1-ші ақпаннан бастап балабақшалардағы орын үшін төлемақы 25 пайызға өсті. Бұған азық-түлік бағаларының  өсуі себеп болып отыр. Қалалық білім беру бөлімінің «Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі төлемақыны өзгерту туралы» бұйрығында айтылғандай, «үйлестірілген тағаммен қамту мақсатында» төлем енді 8000 теңге құрайды (бұған дейін 6 мың теңге болған). 16 ақпан 2011, 00:00 9 990 просмотра
«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр Қоғам

«Болашақтың» болашағы бұлыңғыр

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқытылған түлектерді жұмысқа орналастыру проблемасы бүгінде жоғарғы билікте қызу талқылануда. Мемлекет оған көп ақша жұмсап отыр, ал шетелден білім алып келген жастар өз отандарынан жұмыс таба алмай жүр деген мәжілісмендер бұл бағдарламаға күмән келтіріп отыр. Мұндай сын баяғыдан айтылып жүр. Бұрын «болашақтағылар» шетелде тұрақтап қалады, ал өз елдерінде отандық кәсіпорындардан гөрі трансұлттық компанияларда жұмыс жасағанды жөн көреді деп бағдарламаға мін тағылған болатын. 16 ақпан 2011, 00:00 4 348 просмотра
«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар Қоғам

«Ұлы көштен» қайыр көрмеген қошқарлықтар

Экологиялық және әлеуметтік проблемаларына байланысты қоныс аударған Мақат ауданының Комсомол, Бек Бике, Қошқар ауылдары көшінің соңы айқай-шуға ұласты. Көшірілген ауылдардың бірі Қошқар кентінің 11 отбасы мына қақаған қыста баспанасыз тентіреп жүр. Облыстық әкімдіктегілер олардың шынымен үйсіз жүргеніне күмәнмен қарайды. 10 ақпан 2011, 00:00 4 651 просмотра
Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе? Қоғам

Шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін білесіз бе?

Жыл сайын облыстық әкімдік жанынан құрылған қор тарапынан мектеп бітірген түлектерге шетелде тегін оқуға жолдама берілетінін көпшіліктің біле бермейтіні рас. Мұндай мүмкіндікке қол жеткізу үшін жас түлек қандай талаптарды орындауға тиісті? Бұл жайында біз облыс әкімдігінің аппарат жетекшісі Асқар КЕРІМОВТЕН білмек болдық. 10 ақпан 2011, 00:00 8 481 просмотра
Қоғам

Дәрігерлер қызметі оnline бақылауында

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ «АЖ» газетіне Денсаулық сақтау министрлігінің емханаларда көрсетілетін қызмет сапасын қалай бақылайтындығы туралы әңгімелеп берді. 10 ақпан 2011, 00:00 3 201 просмотра
Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі Қоғам

Экс-жезөкшелердің жаңа қызметі

- Ой, мен жеңіл жүрісті кәсіп қылып боп жүрген кезімде не болмады дейсің... – деп әңгімесін бастады Зарина қалың кекілін сілкіп жіберіп. – Қалай болғанының бәрін айтып беремін, тек сіз мені суретке түсіріп алмаңыз. Өзіңіз де түсінесіз ғой, мені суреттемеңіз де... Заринаның жанында өзін Лена тәтеймін деп таныстырған тағы бір әйел отырды. Ол сағатпен пәтерді жалға береді екен. «Журналист танысың болған қандай жақсы, - деп көзін қысып қойды тәтей. – Сонымен нені білгіңіз келеді? – деді аяғын айқастырған ол.- Сұрақтарыңды айта ғой...». Ал жалпы, бастапқыда менің мақаламның тақырыбы «СПИД орталығының достық кабинеті» деген болатын. Сонымен... 10 ақпан 2011, 00:00 25 462 просмотра
Экономика

Атыраулықтар несие сырқатына ұшыраған

2010 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша осындай тұжырым жасауға болады. Өткен жылы дағдарыстың (және жоғары банк пайыздарының) әсерінен қазақстандықтардың несиені аз пайдаланғаны анықталып отыр. Еліміздегі жалпы ахуал осындай. Облыс бойынша жекелеп алғандағы көрініс басқаша. 10 ақпан 2011, 00:00 2 852 просмотра
Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді Экология

Кореялық ғалымдар Атырауды жасыл-желекпен көмкеруге болатындығын дәлелдеді

Облыстық әкімдікте «Атырау-жасыл қала» тұжырымдамасын таныстыру рәсімі өтті. Өткен жылғы Корея Республикасындағы Қазақстан жылдарының аясында облыстық әкімдік пен Корея елшілігі арасында корейлік мамандардың Атырау қаласын көгалдандыру тұжырымдамасын жасақтайтындығы жөніндегі келісімге келген болатын. Топырақ пен өсімдіктерді зерттеумен ғалымдар Чу Ён Гю және Алекс Хон айналысты. Олар тұжырымдаманы сый ретінде тегін жасады. 10 ақпан 2011, 00:00 6 485 просмотра
Пауеден Сақауов: «Боец» телеарнасына шықсам деген арманым бар» Спорт

Пауеден Сақауов: «Боец» телеарнасына шықсам деген арманым бар»

30 қаңтарда  Лос-Анжелес қаласында карате-до кекушинкай бойынша өткен АҚШ ашық чемпионатында Пауеден САҚАУОВ үшінші орынды жеңіп алып, «Ерекше техникасы үшін» деген жеке жүлдеге ие болды. Біз спортшы жігітпен және оның бапкері Таңат НҰРЫМОВПЕН кездескен едік. 10 ақпан 2011, 00:00 3 796 просмотра
«Махаббат кабаресі» қайталанбайды Мәдениет

«Махаббат кабаресі» қайталанбайды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінің орыс халық театры барлық ғашықтар күнінің қарсаңында махаббат пен романтикаға толы нағыз мереке болады деп өз көрермендеріне уәде беріп отыр. Олар «Махаббат кабаресі» атты музыкалық шоу премьерасын дайындауда. «Махаббат кабаресінде» көрермендер алдында қандай махаббат көрініс табатындығы туралы шоудың қоюшы режиссері Павел СКЛЯРЕНКОМЕН әңгімелескен едік. 10 ақпан 2011, 00:00 4 354 просмотра
Кешкі мектептегі күйкі тірлік Қоғам

Кешкі мектептегі күйкі тірлік

«Большая перемена» атты комедиялық фильм бәріңіздің есіңізде болар. Жұмысшы жастарға арналған кешкі мектепте әкесі мен қызы, ерлі-зайыптылар оқитын еді ғой. Тіпті аты шулы ересек оқушы Ганжаның жары өзіне мұғалім болатынын да қайдан ұмытайық. Ал өзінен дардай үлкен әрі түйдей құрдас болып келетін оқушыларының оқу үлгерімімен бірге, тәртібін түзеймін деп алысқан оқытушы ағай ше? Байғұстың әбден қиналғаны көз алдымызда... Дәл осындай оқиғаға ұқсас келетін жағдай бүгінде Атырауда да бар. Бірақ, ол кинодағыдай күлкіге құрылған емес. Күйініш пен өкініштен тұрады. 10 ақпан 2011, 00:00 9 289 просмотра
Бөрі жоқ деме Басқа жаңалықтар

Бөрі жоқ деме

Дүйсенбі күні сағат түнгі он екінің шамасында Ақжар ауылының тұрғындары бес қасқырды атып алды. Қаладан бар болғаны он шақырым жерде қашықтықтағы ауылда түз тағысының үйірімен жүруі бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұрын бір-екеуін ғана көздері шалатын аңшылар жанұялары мен жанбағыс етіп отырған мал-жаны үшін шын қауіптеніп отырғандарын жасырмайды. 10 ақпан 2011, 00:00 12 531 просмотра