Фото: ReutersТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей, Иран және АҚШ-тың Сирия дағдарысына киліккенін сынап, олардың Сирия президенті Башар Асадты орнынан кетіруге құлықсыздығы сириялықтарға зардап шектіріп отыр деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. Ердоған бұл туралы 29 мамырда Осман империясының Византия астанасы Константинопольді (қазіргі Стамбул) алуының 563 жылдығын атап өтуіне арналған жиында айтты. Ол "Ресей мен Иранның Сирияда қандай бизнесі бар?" деді.
Таяуда жарияланған сириялық күрд милиция жасақтарының айырым белгісі бар АҚШ сарбаздарының суреттерін мензеген Ердоған америкалық әскерилер "террористік ұйым өкілдерінің киімін кимеуі тиіс екенін" айтты.
Пентагон сириялық күрд жасақтарын қолдайды.
Бірақ Анкара сириялық күрд жасақтарын олардың Түркида тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар деп, террористік ұйым санайды.
Дереккөз: Аzattyq.org