29 мамырда «Мұнайшы» стадионында «Атырау» мен «Ертіс» (Павлодар) командалары арасында футболдан еліміз чемпионатының 13-ші турының матчы өтті.
Ойын тең болды. Бірінші тайм ұпайсыз өтті. Ойынның 55-ші минутында «Атырау» қорғаушысы айыппұл алаңына тікелей жақын жерден алаң қонағының бірін құлатты. Жартылай қорғаушы Роман МУРТАЗАЕВ есепті «Ертістің» пайдасына шешті, есеп 1:0.
Алаң иелері есе қайтару үшін бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Ойыннан соңғы 80-ші минутта бұрыштан соғылған доп «Ертіс» қақпасының сызығынан кесіп өтті, қорғаушы болса допты өтіп кеткеннен соң ғана соқты. Алайда арбитр мен бүйір төреші гол соғылған жоқ деген шешім шығарды. Ақылға қонбайтын шешім, бірақ төрешілермен дауласудан пайда жоқ еді. Қалған уақыт ішінде есеп өзгеріссіз қалды.
- Бұған дейінгі «Астана», «Тобыл», «Ордабасы» командаларымен болған ауыр матчтардың команда үшін оңай болмағыны анық. Ойыншыларымыз өз-өздеріне келіп үлгермей жатыр, -дейді матчтан кейін өткен баспасөз конференциясында «Атырау» командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Юрий КОНЬКОВ. – Біздің бұрыштан соғылған добымызға қатысты айтар болсақ, жазбаны тағы да қарап шығу керек. Бірінші қараған сәтте гол болды. Мұндай қателіктер матч нәтижесіне әсер етпеуі керек...
– Бұған қарсылық білдіресіздер ме?
– Оның мәні жоқ. Матчтың қорытындысын бұзып, қайтадан ойын өткізбек пе? Ондай келеңсіздіктерді ұмытып келесі – 4 маусымда Алматыда «Қайратпен» өтетін матчқа дайындалуымыз керек.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН