Атырау, 29 қараша 09:44
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды

1 412 просмотра

Қазақстан Президенті Астанада өтіп жатқан "Дін терроризмге қарсы" халықаралық конференциясына қатысушыларға сөз айтты. Назарбаев терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Терроризм қаупі біздің халықаралық қауіпсіздік туралы түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Терроризмнің шекарасы жоқ, елдерді байлар мен кедейлер деп бөлмейді. Бізде бұл қауіпсіздікке қарсы тұратын жалғыз және жалпыға ортақ шешім жоқ. Сондықтан біз осы жаһандық қауіпке лайықты қарсылық көрсете алатын біріккен күшімізді қуатты ете түсуіміз керек. Күш-жігерімізді терроризмнің идеологиялық негізін жоюға жұмылдыруымыз керек, бұл мақсатқа саяси қайраткерлердің, рухани тәлімгерлер мен қоғамдық пікір мен БАҚ пікірінің лидерлерінің кең әрі сапалы ағарту жұмысы арқылы да жету керек", - деп оқыды Назарбаевтың үндеуін Қазақстан Парламенті Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Назарбаев алғысөзінде БҰҰ бас ассамблеясының отырысында терроризмге және экстремизмге қарсы тұратын, сонымен қатар осы салада халықаралық құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған әлемдік бірыңғай желі құруды ұсынғанын еске салды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

31 мамыр 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.