Фото: AFPТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясын қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр деп айыптады,- деп хабарлады Азаттық. Түркиялық мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған Мәскеу қару-жарақты Ирак пен Сирия арқылы жеткізіп жатыр деген.
Түркия билігі өкілдері президенттің мұндай мәлімдеме жасағанын растады. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов бұған жауап ретінде "Егер біреу бірдеңе десе, дәлелін көрсетсін" деп мәлімдеді.
Ердоған бұған дейін Мәскеуді Сириядағы күрдтерді қолдап отыр деп айыптаған. Екі ел арасындағы қарым-қатынас 2015 жылы қарашада Түркия Сириямен шекарада Ресей әскери ұшағын атып түсірген соң нашарлаған. Бұл оқиғадан соң Ресей президенті Владимир Путин Түркияға қарсы санкциялар салып, екі ел сауда-саттық көрсеткіші күрт төмендеген.
Дереккөз: Аzattyq.org