Атырау, 23 желтоқсан 02:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

8 104 рет қаралды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі және Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Кезінде біздің Республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.

«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.

Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі - 1993 жылғы сәуірдің 14-індегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

Дереккөз: Іnform.kz

31 мамыр 2016, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.