Атырау, 29 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мұхтар Тайжан Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті

2 207 просмотра

Фото: Qamshy.kz.Үкімет жанындағы Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан сол комиссияның тағы бір мүшесі, журналист Артур Платоновтан қазақты жамандамауды талап етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Біздің жұмысымыз жақсы басталды. Осы аптада көп жұмыс істедікқ. Бірақ, елімізде не болып жатқанын өзіміз көріп отырмыз. 21 мамырда Әнұранды айтқан қарындастарымызды милиция алып кетті. Ол не сонда? Апаларымызды, жетпістен асқан ақсақалдарымызды алып кетті. Ол қалай? Біз осында жұмыс істеп жатырмыз. Жақсы үрдіс басталды деуге болады. Билік пен халық арасында келіссөз жүруде. Бірақ, біз бір қолмен оны қолдап, ал, екінші қолмен митингке шыққан азаматтарымызды ұрсақ, қалай болады? Мен осы мәселені үшінші отырыста көтеріп отырмын. Біз тиісті органдарға үндеу жасауымыз қажет. Біз Кравченко (Бас прокурордың орынбасары - ред.) мырзамен осы аптада кездестік. Кездесу жақсы өтті. Бір-бірімізді түсіндік. Бірақ кеше қарасам, Бас прокуратурадан өте қатал мәлімдеме шықты. Сосын мен осында отырған Артур Платоновқа айтайын деп едім. Артур, митингке шыққан азаматтарды жамандауыңды тоқтат! Олар – Қазақстан азаматтары. Олар ешқандай бұзақылық жасаған жоқ. Митинг үшін ақша төлеп жатыр дейді, тағысын тағы. Бәлкім, біреу біздің бүгінгі процесімізді бұзғысы келетін шығар. Ұлтаралық араздық, ақша үшін, біреудің мүддесі дейді, билікті жаулап алғысы келді дейді. Ондайға бой бермеу керек. Мен өтінемін, тиісті органдарға үндей жасайық», - деді М.Тайжан комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.

Дереккөз:Qamshy.kz.

30 мамыр 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.