Атырау, 29 қараша 00:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкім Германия елшісімен кездесті

3 265 просмотра

30 мамырда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гидо ХЕРЦТІ қабылдады.

Тараптар ынтымақтастық келешегін талқылады. Өңірімізде герман капиталының қатысы бар 21 кәсіпорын қызмет етеді.

ГФР-мен тауар айналымы биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 161,7 млн долларды құрады – бұл 2015 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 4,5 есеге көп. Н.Ноғаев елшіге өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, жалпы алаңы 3,5 мың га болатын «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технобағы» еркін экономикалық аймағын мысалға келтірді.

Бұл жерден химиялық, мұнай-химиялық және бір-бірімен байланысты өндірістерді дамыту, соның ішінде бірлескен кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр, - деді облыс әкімі. – Елімізде бүгінгі күні инвесторлар үшін жақсы жағдай жасалған: салық салымы төмен, басқа да артықшылықтар бар. Біз неміс концерндеріне Атырау облысынан бірлескен кәсіпорын ашуды ұсынғымыз келеді – мәселен, мұнай-химия және ауыл шаруашылығы саласынан.

Өзіңіз білесіз, Германияда әлемдік атауы бар көптеген алып компаниялар бар. Біз өз тарапымыздан Қазақстанмен, соның ішінде сіздің өңірмен экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделіміз, - деді Г. Херц

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
31 мамыр 2016, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.