Атырау, 29 қараша 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жылы каналдан қалай өту керек?

2 104 просмотра

28 сәуірде «Ивановец» автокранының жүргізушісі салмағы 6 тоннадан астам көлікке жүруге шектеу белгісі қойылғандығына және опырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту маңдайшасына қарамастан, Жылы каналы арқылы салынған, жабын плиталары тозған көпірден өтіп кетеді. Көпір опырылып, кран каналға құлайды, жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалады Автокран каналға құлады»).


Кейінірек полицейлер жүргізушінің жеке басын анықтады. Оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-тармағы («Жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын бұзу») және 611-бабының 2-тармағы («Жүргізушінің жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы») бойынша хаттамалар толтырылып, іс сотқа берілді.

Біз балансында канал арқылы өтетін екі қауіпті өткелі бар Атырау облыстық қылмыстық-түзету жүйесі департаментіне олардың алдағы тағдыры туралы сұрастырған редакциялық сауал жолдадық. ҚТЖД бастығының міндетін атқарушы Ризабек ДӘУЛЕТОВ жауап берді: «Қазіргі кезде көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Екі көпір де нашар күйде болғандықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр».

Біз сол жерге барып, канал арқылы өтетін өткелдердің апатты түрде қауіпті екенін көрдік. Ескерту берілген маңдайшаға қарамастан, көпірден көліктер, соның ішінде, джиптер мен Газельдер өтіп жатыр. Әскерилер де ойлауға шебер халық қой: көпірге КамАЗ жақындап келіп, одан әскерилер секіріп түсті де су бөгетінен жаяу өтіп, басқа көлікке тиеліп мінді де, әрі қарай жүріп кетті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

31 мамыр 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.