Атырау, 29 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі құпияланды

1 994 просмотра

Фото: Тengrinews.kzШымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ісі құпияланды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Tengrinews.kzтілшісінің ресми сауалына берілген жауапта айтылады.

"Қазақстан Республикасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Т.Д. Төлешовке қатысты және өзге тұлғаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс деректері бойынша №160000031000014 қылмыстық істі тергеп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық қудалау органы ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 47-бабының талабының негізінде мемлекеттік құпиялар құрамындағы мәліметтерді қорғау бойынша шараларды қабылдау мақсатында іс материалдарын құпиялау туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Бас прокуратурадағылар.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді. Кәсіпкермен бірге үш адам ұсталды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

30 мамыр 2016, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.