Атырау, 29 қараша 00:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Қазпочта» Австралиямен теңеседі

2 567 просмотра

Екі жыл бұрын «Қазпочта» АҚ-ның бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске қосылды. Атырауға бас кеңсенің өкілдері келіп, атыраулық әріптестерімен кездесті. Табысты жұмыс жасап жатқан өзгерістер туралы, күн сайын жұмыс кезінде пошташылар мен пошта бөлімдерінің операторлары бетпе-бет келетін проблемалар мен алдағы өзгерістер туралы әңгімелер айтылды.

Жаңғырту болмаса «Казпочта» қызметтер нарығында өз орнын жоғалтады. Бүгінде, мәселен, біздің тиімділігіміз Латвияға қарағанда екі есеге. Канадамен салыстырғанда 10 есеге, Австралиямен салыстырғанда 15 есеге төмен. Соңғы мысал, айтпақшы үлгі боларлық. Австралияның аумағы едәуір үлкен, қазақстандық аумаққа жақын деуге болады. Алайда айырмашылық айдан анық, - деп өз сөзінде «Қазпочта» АҚ бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директоры Гинт ШКОДОВС. – Қазпочтаны трансформациялау бағдарламасы үш бағытқа негізделеді: бизнес процестерін оңтайландыру, жаңа технологияларды енгізу мен адам ресурстарының сапалы өзгеруі.

Бүгінде «Қазпошта» пошта қызметінен бөлек қаржылық қызметтерді де атқарады. Бұлар – зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу, төлемдер, соның ішінде коммуналдық төлемдерді қабылдау, теміржол билеттерін сату. Бүкіл пошта бөлімшелерінде POS-терминалдар орнатылған. Атырау облысында 16 пошта бөлімшесі электронды кезек жүйесімен жарақталған.

Біздің клиенттеріміз бірдеңгейлі қызмет көрсету жобасына баға берді. Енді егде адамдарға кезекке тұрып, касса терезесінен көз тастаудың қажеті жоқ: көптеген бөлімшелер жаңғыртылды, жиһаздармен жарақталды, қызмет көрсету бетпе-бет жүргізіледі. Осы принцип бойынша бөлімшелерді жаңғырту болашақта да жалғасын табады, - дейді «Қазпошта» АҚ-ның логистика жөніндегі бас директоры Константин БУГАЕВ. – Қазіргі кезде Атырау облысында автоматтандырылған төрт пошта станциялары (постамат) жұмыс істейді – үшеуі Атырау қаласында және біреуі Құлсарыда. Сәлемдеме немесе бандерол алушыға пошта бөлімшесіне барып, курьер күтудің қажеті жоқ. Сәлемдеменің өзіне жақын жердегі постаматтан берілуіне тапсырыс беріп, өзіне қолайлы уақытта, мейлі, ол түнгі сағат үште болсын, ала алады. Бұдан басқа, биыл Атыраудан сәлемдемелер супермаркетінің ашылуы жоспарланып отыр. Принцип мынадай: клиент сәлемеде салынған ұяшық туралы ақпарат алады. Оны алып, супермаркет кассасына төлейді. Клиенттеріміздің көпшілігі біздің сайтымыздағы сәлемдемелерді қадағалауға арналған қолайлы трекингке және sms-хабарламаға лайықты бағасын берген шығар деп ойлаймын.

«Қазпочта» қызметкерлерінің айтуынша, соңғы кездері пошташылардың көпшілігі арнайы форма, қолайлы сөмкелер мен смартфондар алған. Енді оларды үш дөңгелекті велосипедтермен жарақтау таяудағы жоспарда бар. Бұдан басқа, кешікпей пошташылар коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны клиенттің үйінен қабылдай алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

31 мамыр 2016, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.