Атырау, 23 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде Әлемде

Аргентина астанасында танго фестивалі өтуде

Аргентина астанасы Буэнос-Айреске әлемнің түкпір-түкпірінен танго биін ұнататындар жиналып жатыр. Өйткені, мұнда күні кеше танго фестивалі бастау алды. Екі аптаға созылатын би марафонының ашылу рәсімін «Үлкен секстет» атты әлемге әйгілі танго-оркестр бастап берді. 16 тамыз 2013, 16:51 2 410 рет қаралды
Оралда педофилия үшін сотталған азамат сұлулық байқауын ұйымдастырған Қазақстанда

Оралда педофилия үшін сотталған азамат сұлулық байқауын ұйымдастырған

Оралда сұлулық және өнер байқауының режиссері әрі жүргізушісі бұрындары педофилия үшін түрмеге отырған Дмитрий Еретенко-Петраковский болып шықты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  16 тамыз 2013, 16:43 2 254 рет қаралды
Шығыс Қазақстанда аюлар үйдегі төрт түлікке шабуыл жасауда Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда аюлар үйдегі төрт түлікке шабуыл жасауда

Зырян ауданының малшылары аюлардан қатты қауіптеніп отыр. Жақында орман тағысы «Дородница» шаруа қожалығының төрт сиырын жарып, 500 мың теңгенің үстінде шығынға батырды, деп хабарлайды жергілікті Аltaynews.kz сайты. 16 тамыз 2013, 12:13 1 836 рет қаралды
Байқоңырдан зымыран ұшыруға тыйым салды Қазақстанда

Байқоңырдан зымыран ұшыруға тыйым салды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті. Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр. 16 тамыз 2013, 10:41 1 690 рет қаралды
Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті Әлемде

Египетте қаза тапқандар саны 578-ге жетті

Египеттің денсаулық сақтау министрлігі елдегі қақтығыстарда қаза тапқандар саны 578 адамға жеткенін хабарлады. Полицияның 14 тамызда биліктен тайдырылған ел президенті Мұхаммед Мурсидің жақтастарын күшпен таратуы кезінде үш жарым мыңнан астам адам жараланған. Мурсидің "Мұсылман бауырлар" партиясының өкілдері "қаза тапқандар саны министрлік дерегінен әлдеқайда көп" дейді. 15 тамызда ішкі істер министрлігі "полиция мемлекеттік мекемелерді кез-келген шабуылдан қорғау үшін оқ ататынын" мәлімдеген. Министрлік бұл ескертуін Мурси жақтастары Каирдегі Газни ауданы әкімдігін басып алып, ғимаратқа өрт қойғаннан кейін жасады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бейсенбіде Египеттегі жағдайға байланысты төтенше жиын өткізіп, үкіметті "барынша ұстамды болуға" және "бітімге келуге" шақырды. 3 шілдеде әскерилер Египет президенті Мұхаммед Мурсиді биліктен шеттеткен еді. Мурсидің жақтастары бір жарым айдан бері оның биліктен қуылғанына наразылық танытып, қарсылық акциясын өткізіп жатқан. Бейсенбіде полицияның әрекетіне наразылық акциялары Александрия мен Бени-Суэйф қалаларында да өтті. Бірақ шерушілер мен полиция қақтығысы болмаған. Бейсенбіде Мұхаммед Мурсиді қамау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылды. Сәрсенбіде бері Египетте бір ай мерзімге төтенше жағдай жарияланған. 16 тамыз 2013, 09:25 1 524 рет қаралды
Рысқалиевтің қарындасы кісі өлтіруді ұйымдастырыпты Қазақстанда

Рысқалиевтің қарындасы кісі өлтіруді ұйымдастырыпты

Атырау облысының бұрынғы әкімі, қазір іздеуде жүрген қашқын Бергей Рысқалиевтің қарындасы Гүлжанар Рысқалиеваға 2005 жылы ақтөбелік белгілі бизнесмен Талғат Қожахметовті өлтіруге тапсырыс берді, деген айып тағылып отыр. Бұл туралы «Экспресс-К» газеті хабарлады. 15 тамыз 2013, 16:55 2 735 рет қаралды
Иесіз нысандар немесе  «СнабОйлСтройдың» аяқталмаған кешендерінен не қалады? Экономика

Иесіз нысандар немесе «СнабОйлСтройдың» аяқталмаған кешендерінен не қалады?

Үстіміздегі жылдың 9 тамызында облыстық мәслихат депутаттарының алдында өткен жартыжылдықтың қорытынды есебімен сөз сөйлеген облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ сөз арасында осы күзде Нұрсаядағы концерт залының құрылысы қайта жанданатынын айтып өтті.  15 тамыз 2013, 14:32 3 000 рет қаралды
Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті Әлемде

Египет үкіметі: Қаза тапқандар саны 278-ге жетті

Египет үкіметі 14 тамыз күні Каирде және елдің басқа да аймақтарында болған қақтығыстардан 235 тұрғынның қаза тапқанын хабарлады. Ішкі істер министрі Мұхаммед Ибрахимнің айтуынша, олардан өзге 43 полицей мерт болған.  15 тамыз 2013, 15:48 1 569 рет қаралды
«Пәтер жалдаймын,  жыныстық қатынас  ұсынбаңыз» Қоғам

«Пәтер жалдаймын, жыныстық қатынас ұсынбаңыз»

Мамыр айында біздің сайтымызда жарияланған «Атыраулық полицейлер Керенский салған ізбен жүр» жарияланымы («АЖ» 30.05.2013 күнгі №...) қарапайым тұрғылықты халықтың өз үйлерінен жыныстық қызмет көрсету кәсібін ашуға пәтер жалдап алған «жеңгетайларды» қуа алмайтындықтарын ашық көрсетті. Егер оларға полициялар «қолдау» көрсетіп отырған болса, мүлдем мүмкін емес. Енді олардың өз үйлерінде тыныштық орнатуға мүмкіндіктері пайда болғандай. Шілдеде ел президенті ҚР-ның «Адам саудасына қарсы әрекеттер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Бұл заңда секс бизнесін ұйымдастыруға арналған пәтерлерді жалға беруші үй иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған. Заң күшіне енді. 15 тамыз 2013, 14:56 13 089 рет қаралды
Атырау - шахмат клубы жоқ соңғы қала Спорт

Атырау - шахмат клубы жоқ соңғы қала

Танысып қойыңыздар, қала сыртындағы Еркінқала ауылының 72 жастағы тұрғыны, шахмат спортының ардагері Бөкенбай АҒАША (суретте). Ол облыстың бірнеше дүркін чемпионы, «Қайрат» ерікті спорт қоғамы мүшелері арасында Қазақ ССР чемпионы, спорт шеберіне үміткер. Соңғы жеті жылда жергілікті мектепте балаларды осы зияткерлік ойын түріне үйретумен шұғылданады. 15 тамыз 2013, 16:01 3 225 рет қаралды
Атыраудың олимпиада үміткерлері Спорт

Атыраудың олимпиада үміткерлері

Тамыз айында жас спортшылардың кезекті оқу-жаттығу маусымы аяқталады. Олар қыркүйекке дейін қысқа мерзімді демалысқа кетеді. Ал спорт мектептерінің меңгерушілері жыл бойына қол жеткен асыл алқаларды – алтындарды, күмістер және қолаларды санауға кіріседі. Өткен маусымда атыраулық спортшылар қандай жетістіктерге жетті? Бұл тақырыпта біз облыстық олимпиада резервтерін дайындау орталығының директоры М.М.ЖАНҒАЛИЕВПЕН (суретте) әңгімелескен едік. 15 тамыз 2013, 16:09 4 324 рет қаралды
Кім миллионер болғысы келеді? Қоғам

Кім миллионер болғысы келеді?

Әр түрлі Жол карталарының көмегімен жұрттың бәрін жұмыспен қамтамасыз ете алмайтынын түсінген мемлекетіміз кәсіпкерлікті, соның ішінде жастар бизнесін дамытуды алға тартып жүр. Ендеше, осы жаңадан пайда болатын кәсіпкерлердің бүгінгі жағдайда өз бизнестерін бастап, аяққа тұру мүмкіндіктерін талқылап көрейік. 15 тамыз 2013, 14:50 6 026 рет қаралды
Қаржы полициясы әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінде Оқиға

Қаржы полициясы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде

Біз алдыңғы жарияланымдарымызда бір топ мүгедектердің қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлы ХАБИЕВАНЫҢ үстінен қаржы полициясына шағымданғаны жөнінде жазған болатынбыз (№31 «АЖ» 01.08.13 ж., «Әуреге салған әлеуметшілер» мақаласын қараңыз). Естеріңізге салсақ, сол күні арбаға таңылғандар мен көздері ғаріп мүгедектерді басшының өзі кездесуге шақырған, алайда зағип жандар кабинеті алдында 6 сағат күтсе де, Хабиева келмеген. Қаржы полициясы тергеу алды тексеруді бастады. 15 тамыз 2013, 14:43 4 878 рет қаралды
Әуенге әкелген ұзақ жол Мәдениет

Әуенге әкелген ұзақ жол

Егер бұрын барлық музыкалық жұлдыздар тек Алматыда ғана жанатын болса, қазір шеткі өңірлерде де пайда болып жатыр. Сазгер және өз өлеңдерінің авторы Бейбіт МЕҢДІҒАЛИЕВ (суретте) Love radio Тандем арнасын тыңдаушы атыраулықтар арасында үлкен қошеметке ие болды және оның мұнымен тоқтар ойы жоқ. 15 тамыз 2013, 15:53 3 295 рет қаралды
Жанбайлықтардың жанайқайы Экология

Жанбайлықтардың жанайқайы

Исатай ауданы Жанбай селосынан 800 метр қашықтықта жатқан жерасты газының бұрқылдап қайнап, ауаға тарап жатқанына жеті айдың жүзі болыпты (суретте). Алайда, бұл мәселенің нақты шарасы алынбай келеді. Бұған жергілікті тұрғындар күйініп отыр.   15 тамыз 2013, 14:46 3 574 рет қаралды