Атырау, 28 қараша 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ХҚКО барлығы үшін жұмыс жасауда

3 132 просмотра

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көбіне қала құрылысы және сәулет саласында бұзылады. Осы және басқа да мәселелер ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында айтылды.

Қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Сайын ҚУАНЫШЕВТЫҢ айтуынша, 2014 жылы Атырау облысының мемлекеттік органдары 1 млн 400 мың қызмет көрсеткен, олардың ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында 73 422, электронды форматта 3 078 қызмет атқарылған. Орындау мерзімдері көбіне сәулет және қала құрылысы саласында көп бұзылған – 43.

Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сіләмғали СМАҒҰЛОВ«бір қызметте тек бір маман отырғанын» алға тартып, келіп түсіп жатқан өтініштердің көптігінен Қоғамдық кеңесте айтылған фактілер орын алып отырғанын айтты. Осы отырыста сәулет және қала құрылысы бөлімі мен халыққа қызмет көрсету орталығы басшылары аздап сөзге келіп қалды. Әңгіме халыққа қызмет көрсету орталығы беретін, бірақ қалалық сәулет бөлімі дайындайтын мекенжай анықтамасынан басталды. Атап айтсақ, С. Смағұлов мекенжай анықтамасын беру мерзімін 7 күнге дейін ұзартуды ұсынды. Алайда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының директоры Тұрлан НҰРЖАНОВТЫҢ айтуынша, үкімет қаулысымен бекітілген стандарт бойынша мекенжай анықтамасы үш күн ішінде (жылжымайтын мүлік нысанының мекенжайын нақтылау үшін) немесе жеті жұмыс күні (жылжымайтын мүлік нысаны мекенжайын өзіне алу) ішінде берілуі керек. ХҚКО мұны соза да, қысқарта да алмайды.

- ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес, өкілетті органдар белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберу тиіс, - деп түсіндірді отырыстан кейін Нұржанов. – Сәйкесінше, ХҚКО-ға құжаттардың клиентке берілген қолхатта көрсетілген мерзімнен кеш келуіне ХҚКО кінәлі емес. Алайда адамдар бұл жағдайларды көп біле бермейді және өз наразылықтарын бізге білдіріп жатады. Өйткені құжаттарды тапсыру және қабылдау процестері ХҚКО-да жүргізіледі. Мысалы, егер біз қолхатта 5 наурызды көрсетсек, бізге сәулет бөлімінен анықтама 4-і күні келіп, біз 5-і күні клиентке беруіміз қажет. Алайда құжаттар сол жақтан кешігіп келіп жатады.

Отырыста мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (МСҚБ) басшысы Қуаныш МҰХАМЕТҚАЛИҰЛЫ да сөз сөйледі.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың ақпан айында лицензиялауға байланысты қызметтердің (бұрын Құрылыс және ТКШ комитетінің қарауында болған) МСҚБ-ға берілуіне байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру уақытша тоқтатылды.

Отырысқа қатысқан өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек ЖӘКИЕВ көптеген кәсіпкерлер қазір осындай лицензия алудағы қиыншылықтарға шағымданатынын айтты.

- Біз лицензия беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына енгізілетін өзгерістерді күтіп отырмыз, - деп жауап берді Қ. Мұхаметқалиұлы. – Алайда біз қазір Бас прокуратураның түсініктемесін алдық және құжаттарды ескі стандарттармен қабылдап жатырмыз. Бұл құрылыс жұмыстарын тоқтатпас үшін жасалды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

6 наурыз 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.