Фото: dailynews.kzАстана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 2015 жылға наурыздан бастап электр энергиясы үшін тариф арзандайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің (ҰЭМ) баспасөз қызметінен.
ҰЭМ таратқан хабарда айтылғандай, ҚР ҰЭМ Табиғи монолияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық департаменттері «KEGOC» АҚ-ның, ӨЭК-тердің, энергия беруші ұйымдардың электр энергиясына қолданыстағы тарифтерін және электрмен жабдықтаушы ұйымдардың бағаларын қайта қарауда.
Бағаны төмендету бойынша жұмыс 2 кезеңмен өткізілетін болады.
1-ші кезеңде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-ның бағаларын 8,80 теңгеден 8,65 теңге/1 кВтс (ҚҚС-сыз) төмендету есебінен электрмен жабдықтаушы ұйымдардың түпкілікті бағасы төмендетіледі.
2-ші кезеңде «KEGOC» АҚ-ның, ӨЭК-тердің, энергия беруші ұйымдардың тарифтері төмендетіледі.
Сәуір айында наурызда тұтынылған электр энергиясына түбіртіктердегі шот төмендетілген тариф ескеріле отырып беріледі деп күтілуде.
Дереккөз: ҚазТАГ