Атырау, 26 қараша 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Виктория Ганяның өліміне айыпты адам өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айрылды

1 554 просмотра

Фото: NUR.KZФото: NUR.KZҚостанай. 6 наурыз. ҚазТАГ – Қостанай облысы Рудный қаласында 7 жасар Виктория Ганяның өліміне айыпты адам өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі сот залынан.

«Бұған дейін (...) сотталған Денис Лесников оған тиесілі мүлікті толық тәркілеумен және белгілі бір лауазымды атқару мен 20 жылдық мерзімге балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен бірге өмір бойына бас бостандығынан айрылсын», - деді Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлік Сералин жұма күні үкімді жариялап жатып.

Одан өзге, 6 азаматтық арыз бойынша сотталушы Т6,5 млн-нан астам төлеуі тиіс.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 24 сәуірінде Рудныйда 7 жасар В. Ганя жоғалды. Дәл сол күні 125 бап 2 бөлім «д» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол 25 сәуір күні ҚР ҚК 96 бап 2 бөлім «в, д, к, о» тармақтарына (өлтіру) ауыстырылды. Қыздың денесі 22 мамырда Рудный-Тобыл тас жолынан алыс емес жерде орналасқан құрылыстағы ғимаратты тексеру барысында табылды.

18 шілдеде еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған, психикалық-неврологиялық есепте тұрған 19 жасар күдікті белгілі болып, ұсталды. Алайда, кейіннен анықталғандай, аталмыш азаматтың қыздың өлтірілуіне қатысы болмай шықты.

Кейінірек 31 жастағы бір ер адам ұрлықпен ұсталып, В. Ганяны өлтіргенін мойындады. Оған қатысты сот қамауды санкциялады. Ол 175 бап 1.2 бөлімі (ұрлық), 120 бап 3.4 б. (зорлау), 121 бап 3.4 б. (жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері), 96 бап 2 б. (кісі өлтіру), 324 бап 1.2 б. (құжаттарды, мөртабандарды, мөртаңбаларды ұрлау немесе зақымдау), 125 бап 2 б. (кісі ұрлау) бойынша айыпталуда.

22 желтоқсан күні қыз өлтіру дерегі бойынша іс Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына келіп түсті. 

Дереккөз: ҚазТАГ

6 наурыз 2015, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.