Атырау, 28 қараша 06:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мундирлі арулар

1 690 просмотра

Атырауда құқық қорғау органдары қызметкер қыздары арасында «Ал, кәне, қыздар» арулар байқауы өтті.

Байқауға ІІД-нің түрлі қызметтері мен бөлімшелерінен 8 қыз қатысты. Кең көлемде өтетін арулар байқауынан бұл шараның айырмашылығы мұнда қарапайым қыз-келіншектер – талдырмашы да, сәл толығы да, сұңғағы да, аласасы да, өзіне сенімді пысығы да, сәл ұяңдары да өнер көрсетті.

Байқауға қатысушылар ән айтып, өлең оқудан сайысып, өз аспаздық дарындарын көрсетіп, сұрақтарға мүдірмей жауап берді. Сондай-ақ әділ қазылар арулар арасынан мергендерін де анықтады. Алайда ол байқаудан бір күн бұрын өткізілген еді.

ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, байқау нәтижелері бойынша екі үшінші орынды әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік камелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторы Гүлдана АЛПЫСОВА мен ІІД кадр қызметі басқармасының инспектор-психологы Самал АДЕНОВА алды.

Екінші орын Исатай аудандық ІІБ-нің талдау тобы инспекторы, майор Мейрамгүл МАНАШЕВАҒА берілді.

Бірінші орын қалалық ІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің инспекторы, аға лейтинант Ақмарал АХМЕТОВАҒА бұйырды. Ал бас жүлдені ІІБ учаскелік камелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторы Анаргүл БОЛАТОВА жеңіп алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

8 наурыз 2015, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.