Фото: Қазақстан жаңалықтары АА.АСТАНА, 6 нау – Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның белгілі әйелдерімен кездесуде алдағы президент сайлауына қатысатынына күдіктенетінін айтты.
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекет басшысы Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуін өткізуде.
«Қазір сайлау науқаны басталды. Негізінен бұл туралы идеяны әйелдер қолдады. Мен бүгінгі таңда бұны қолдаған, менен өз кандидатурамды ұсынуымды сұраған мыңдаған адамның хаттарын алудамын», - деді Назарбаев кездесуде.
«Шынымды айтсам, менің жеке жоспарым мүлдем басқаша болатын. Мен Қазақстанды басқарып келемін, мүмкін декорацияны өзгертетін уақыт жеткен шығар?», - деп толықтырды сөзін президент.
Дереккөз: newskaz.kz