Атырау, 23 желтоқсан 15:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Көз ауруханасы мен №1  емхана жеке меншікке көшеді Қоғам

Көз ауруханасы мен №1 емхана жеке меншікке көшеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2011-2013 жылдарға Арналған Ұлттық бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін (әрі қарай – ҰБДЖ) енгізгеннен кейін сәл тыныстап алып, кезекті реформаға кірісті. Бұл жолы бәрі күрделі: бюджет жүктемесін жеңілдету мақсатында медициналық мекемелердің бір бөлігін жеке меншікке айналдырмақшы. Атырау облысында бірінші болып, әзірге пилоттық жоба аясында, №1 қалалық емхана мен облыстық офтальмологиялық клиника сенімгерлік басқаруға беріледі.  15 тамыз 2013, 14:39 6 654 рет қаралды
Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті Әлемде

Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті

Ангела Меркель сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. Германия канцлері оны ортағасырлық Зелигенштадт қаласында митингпен бастады. Митингке мыңға жуық қала тұрғыны жиналды, деп хабарлады YTPO.ru. 15 тамыз 2013, 14:37 1 593 рет қаралды
Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы он-лайн жаттығу өткізеді Қазақстанда

Алматыда әкім веложарысқа қатысып, Премьер таңғы он-лайн жаттығу өткізеді

Алматыда Спорт күні аясында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов веложарысқа қатысып, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қатысуға ниет білдірген барлық қала тұрғындары және қала қонақтарымен қоса тікелей эфирде таңғы жаттығу өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  15 тамыз 2013, 14:10 1 525 рет қаралды
Мектепке өтінішті ғаламтормен бере аласыз Қазақстанда

Мектепке өтінішті ғаламтормен бере аласыз

Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер «E-learning» электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 14 тамыз 2013, 16:50 1 939 рет қаралды
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компанияның басшысы қамауға алынып, қызметінен босатылды Қазақстанда

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компанияның басшысы қамауға алынып, қызметінен босатылды

Ғабдуллатиф Мырзақұлов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компанияның басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР ұлттық ғарыш агенттігінен (Қазғарыш). 14 тамыз 2013, 15:02 1 899 рет қаралды
60 жыл бұрын Семей аймағында алғашқы ядролық сынақ өткізілді (+бейнежазба) Қазақстанда

60 жыл бұрын Семей аймағында алғашқы ядролық сынақ өткізілді (+бейнежазба)

Қазақстан жерінде халыққа әкелген қасіреті әлі де жойылмаған алапат оқиғаға 60 жыл толып отыр. Совет Одағы Семей аймағында1949 жылдың 12-шы тамызында алғашқы ядролық сынақ өткізген еді. 14 тамыз 2013, 12:07 28 744 рет қаралды
Ресей мен Әзербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты Әлемде

Ресей мен Әзербайжан ірі мұнай-газ келісімін жасасты

Ресейлік "Роснефть" компаниясы мен Әзербайжанның мемлекеттік энергетикалық SOCAR компаниясы мұнай-газ саласында ынтымақтастық орнату туралы ірі келісім жасасты. Құжатқа Ресей президенті Владимир Путиннің Әзербайжанға ресми сапары барысында қол қойылды. Екі ел президенттері Баку қаласында, 13 тамыз күні кездесті. 14 тамыз 2013, 11:46 1 701 рет қаралды
Елбасы ЕХРО-2017 көрме кешенінің эскиз-идеясымен танысты Қазақстанда

Елбасы ЕХРО-2017 көрме кешенінің эскиз-идеясымен танысты

ЕХРО-2017 өтетін кешен мен көрменің символы қандай болмақ? Алдағы бір айдың ішінде халықаралық сәулет байқауына ұсынылған жобалардың жеңімпазы анықталады. Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрменің ең үздік эскиз-идеяларымен танысты. 14 тамыз 2013, 11:33 2 010 рет қаралды
Иранда тұңғыш рет әйел вице-президент болды Әлемде

Иранда тұңғыш рет әйел вице-президент болды

Иран Ислам Республикасының жаңа президенті нәзік жандылар өкілдеріне кең жол ашып отыр. Ел президентінің айтуынша, вице-президент болып тағайындалған Эльхам Аминадзе қажетті ғылыми білімдерге ие және заңнама саласында тәжірибелі. 14 тамыз 2013, 10:17 1 830 рет қаралды
«Fonterra» компаниясының тамақ өнімдеріне тыйым салынды Қазақстанда

«Fonterra» компаниясының тамақ өнімдеріне тыйым салынды

Елімізде Жаңа Зеландияның «Fonterra» компаниясының тауарларын елдегі сауда нүктелерінде саудалауға және таратуға Бас санитар Жандарбек Бекшин тыйым салды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, Baq.kz хабарлады.  14 тамыз 2013, 10:39 1 527 рет қаралды
Қадырбаев пен Тәжаяқов айыптарын мойындамады Қазақстанда

Қадырбаев пен Тәжаяқов айыптарын мойындамады

АҚШ-тың Бостон штатында 13 тамызда Бостон марафонындағы жарылысқа қатысты тергеу ісіне кедергі келтірмек болды деп айыпталған қазақстандық Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовтың ісі бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті. 14 тамыз 2013, 09:47 2 093 рет қаралды
Алматының 27 жасар азаматы Kcell-ден 25 миллион ұрлады Қазақстанда

Алматының 27 жасар азаматы Kcell-ден 25 миллион ұрлады

Алматы қаласының ІІД криминалды полиция басқармасына «Kcell» АҚ жетекшілері белгісіз біреулердің компаниядан SIM-BOX электронды құрылғысы арқылы GSM трафик ұрлап жатқаны туралы хабар берді, деп хабарлайды Today.kz қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 13 тамыз 2013, 17:19 1 687 рет қаралды
90 жастағы желаяқ әже Әлемде

90 жастағы желаяқ әже

Мицу Морита есімді жапон қариясы әлем жұртын таң қалдырды. 90 жасқа келген әжей жүгірген кезде кәсіпқой спортшылардан еш кем түспейді. 100 метрлік қашықтықты ол 23,86 секундта бағындырып отыр. Әрине, ямайкалық Усейн Болттың жылдамдығы одан 2,5 есеге жылдам. Алайда, Усейн 27-де, ал әжейдің жасы 90-ды алқымдап қалған.  13 тамыз 2013, 16:37 2 530 рет қаралды
Хакерлердің сәтсіздігі немесе Тендерлік алаяқтық қалай әшкере болды Оқиға

Хакерлердің сәтсіздігі немесе Тендерлік алаяқтық қалай әшкере болды

ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова хабарлағандай, криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері облыстық әкімдік басқармаларының біріндегі компьютерлерден конкурс комиссиясы мүшелерінің электронды сандық қолдарын (ЭСҚ) ұрлау фактісі бойынша қылмысты ашқан. 13 тамыз 2013, 16:01 2 175 рет қаралды
Әткеншекке оратылып қалған Басқа жаңалықтар

Әткеншекке оратылып қалған

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ хабарлауынша, 10 тамыз күні сағат 17.30-да Құлсары қаласындағы ықшамаудандардың біріндегі ойын алаңында қолдан жасалған әткеншектің жіптеріне оратылып, қылғынып өлген 11 жасар бала табылды. 13 тамыз 2013, 15:57 1 962 рет қаралды
Цистерналармен ұрлайды Оқиға

Цистерналармен ұрлайды

Өткен бейсенбі күні өткізілген баспасөз конференциясында облыстың көлік прокуроры Болат ҚАЛЫҚОВ Атырау мұнай өңдеу зауытының серіктес компанияларынан заңсыз алынған мұнайды заңдастару бойынша фактілер анықталғаны жөнінде әңгімелеп берді. Ол, сондай-ақ, ағымдағы жылдың жеті айында прокурорлық тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар туралы хабарлап, атышулы мемлекеттік тумен қоқыс шығару фактісіне қатысты да  түсінік берді. 13 тамыз 2013, 15:51 2 336 рет қаралды
Қазақстан мен Иран Қарулы күштердің ынтымақтастығын дамыту мәселесін талқылады Қазақстанда

Қазақстан мен Иран Қарулы күштердің ынтымақтастығын дамыту мәселесін талқылады

ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Хамза Рухи Каберегпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  13 тамыз 2013, 13:09 2 026 рет қаралды
«Ютор» дауылы Қытайға жақындап келеді Әлемде

«Ютор» дауылы Қытайға жақындап келеді

Бүгін Қытайдың оңтүстігінде, Гонконг пен Макаода «Ютор» қуатты тынық мұхиты дауылының жақындауына байланысты дабылды ескерту жарияланды. Қазіргі таңда ол Оңтүстік Қытай теңізінде, жағалаудан 440 шақырым жерде соғып тұр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС жергілікті обсерваторияға сілтеме жасай отырып. 13 тамыз 2013, 13:07 4 601 рет қаралды