Фото: forbes.kzАстана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сыныптарда сабақтарды ағылшын тілінде оқыту қажет деп есептейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Енді бізге ағылшын тілін үйрену керек, 1 сыныптан бастап. 11-12 сыныптарда барлық сабақтар ағылшынша болуы тиіс», - деді Н. Назарбаев жұма күні әйелдер қауымымен өткен кездесуде.
«Малайзия солай істейді. Олар соғыстан кейін тәуелсіздік алған кезде, мемлекеттік малай тілін дамытпақ болды, ал оны әлемде ешкім білмейді, сөйтті де ағылшын тіліне қайта көшті. Тура Сингапурдағыдай», - деп толықтырды ол.
Мемлекет басшысы балаларды үш тілге: қазақша, орысша және ағылшыншаға үйрету қажет екенін еске салды.
Дереккөз: ҚазТАГ