Атырау, 3 тамыз 22:10
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Маусым тең есеппен басталды

2 423 рет қаралды
7 наурызда Ақтөбеде футболдан Қазақстан Премьер Лигасының 1-туры аясында «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары кездесті. Қарсыластар 1:1 есебімен тең тарасты.  
Қонақтар алаңда өздерін еркін сезініп, көп шабуыл жасады. Бұл стратегияның арқасында атыраулықтар алғаш болып есеп ашты. Владимир Аржановтың берген пасынан кейін Мақсат Байжанов гол соқты. Ойынның 56-минутында ақтөбеліктер шабуылшы алмастырып, Абат Айымбетовтің орнына Дидар Жалмұқан шықты. Ол 66-минутта қарымта голды соқты. Екі команда да алма кезек шабуылдар жасаса да, есеп тең есеппен аяқталды. 
Осы матч қарсаңында қосалқы командалардың арасында өткен ойында 1:0 есебімен атыраулықтар жеңіске жетті. Голды Бахтияр Габдолин салды.  
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
8 наурыз 2015, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.