Атырау, 5 қазан 04:20
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сіздерді енді қалай атаймыз?

3 418 просмотра

Жақып МАРАБАЕВ. Фото  Жақып МАРАБАЕВ. Фото "АЖ" мұрағатынан алынды.4 наурызда Атырауда жыл сайын өткізілетін «Казнефтесервис-2015» конференциясында Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC-тың басқарушы директорының орынбасары Жақып МАРАБАЕВ өз компаниясын атағанда NCJV аббревиатурасын қолданды.

Ал 2014 жылдың жазында Баутино айлағында жаттығу барысында ол «АЖ»-ға NCOC құрылымының өзгергені, шартты NorthCaspianJointVenture (NCJV) атауы бар бірыңғай оператор компаниясының құрылатыны туралы айтқан болатын. Алайда өткен жылдың қыркүйегінде «АЖ»-да «Жаңа оператор шешімді осы жерде және шұғыл қабылдайды» жарияланымы жарыққа шыққаннан кейін NCOC баспасөз қызметі жұртшылық алдында осы атаудан бас тартқан еді.

Ал енді жаңа мәлімдеме.

– 2013 жылы Солтүстік-Каспий жобасына қатысушылар NCOC орындайтын міндеттемені өзіне қабыл алатын жаңа NCJV компаниясын құру туралы шешім қабылдады. Жаңа модельге сәйкес, NCJV жалпы стратегияны анықтап, басшылық етеді, жоспарлау мен үйлестіруді жүзеге асырады, экологиялық-физикалық және тұжырымдамалық зерттеу жүргізуді ұйымдастырады, сонымен қатар, мүдделі тараптармен, атап айтқанда, консорциумға қатысушылар мен мемлекеттік органдармен өзара әрекет етеді, - деп мәлімдеді Марабаев. – Әрі қарай қызмет етіп жатқан үш компанияны бірыңғай біріккен кәсіпорынға заңды түрде қосуға қадам жасау таяу уақытқа жоспарланған, - деді ол.

Марабаев компанияның басымдықтары қатарында мұнай және газ құбырларын ауыстырудан басқа «Қашаған» кенішінің нысандарын өндірістік қызмет тоқтатылғаннан кейін қайтадан қауіпсіз түрде іске қосуға әзірлікті де атады.

Дегенмен, Марабаевтың біздің газетімізге хабарлағанындай, NCJV – бұл қайта құрылудың өтпелі кезеңіндегі аралық атау екен: «Қаржыландыру жүйесі бұдан өзгермейді. Қолданыстағы модель өте күрделілікпен ерекшеленеді: бұл NCOC N.V, NCPOC және NCOC B.V.-ға бөлінген Аджип ҚКО. Оларды біріктіру арқылы жаңа операциялық NCJV компаниясы құрылады. Аралық NCJV атауын біз қолайлы болу үшін қолданамыз. Кең аудиторияны қайта құрудың қыр-сырын түсіндіру қаншалықты қиын екенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Алайда ақыр аяғында оператор NCOC N.V атауын алатын болады».

Марабаев жаңа газ-мұнай құбыры үшін жапон және неміс өндірісінің тұрбасын таңдаудың жай-жапсары туралы комментарий беруден бас тартты.

Естеріңізге салсақ, біздің мәліметтеріміз бойынша, 70 шақырым тұрба болат бұйымдарын өндіру мен сатып алуға маманданған жапондық Marubeni Itochu Steel Inc. компаниясынан сатып алынатын болады. Қалған 130 шақырымы бойлық-дәнекер тұрбаларын, құбыр арматураларын, резервуарлар және т.б. дайындаумен айналысатын немістің Butting GmbH and Co. KG компаниясына тапсырысқа берілген Неміс сапасына сенім білдіріп отыр»). NCOCдиректорының орынбасарыосы тақырыпқа қатысты қысқаша ақпаратпен шектелді:«Тұрбалардың алғашқы жеткізілімі келе бастады. Екі жеткізілім болады: бірі Жапониядан, екіншісі Еуропадан әкелінеді. Жұмыстар осы көктемде басталады және 2016 жылдың екінші жартысында аяқталады».

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 наурыз 2015, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.