ҚР Президенттігіне кандидат ретінде өздерін тағы үш адам ұсынды деп мәлімдеді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев.
«5 наурызда ҚР президентіне кандидат ретінде 9 адам тіркелді... Есенбек Уктешбаев 1958 жылы дүниеге келген. Қоғам қайраткері, Алматы қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Якобжан Жүнісбеков 1946 жылы дүниеге келген, зейнеткер. Енді ғана тіркелген азамат Жұман Қанат Тоқтарұлы 1969 жылы дүниеге келген. «Астана мұнай групп 2007» ЖШС Жанармай құю бекеттерінің бастығы. Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған»,-деді Мелдешев брифингте.
26 ақпанда Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну басталған болатын.
Сондай-ақ, басқа да кандидаттар туралы айтар болсақ, Асқар Жорабайұлы Сырғабаев 1959 жылы дүниеге келген, жеке кәсіпкер. Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынып отыр. Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов 1962 жылы дүниеге келген. Уақытша жұмыссыз, Астана қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған. Лимана Қойшиева 1969 жылы дүниеге келген, «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық ұйымының президенті. Астана қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған. Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов 1977 жылы дүниеге келген, «JH-Құрылыс» ЖШС-ның инженер құрылысшысы. Өзін-өзі ұсынған, Астана қаласында тұрады. Сухраб Аминжанұлы Мырзашов 1984 жылы дүниеге келген. «JH-Құрылыс» ЖШС-нің жүргізушісі. Астана қаласында тұратын бұл азамат та өзін-өзі ұсынып отыр. Тұрғын Сыздықов 1947 жылы дүниеге келген. Мемлекеттік, банктік және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы. Бұл азаматтың кандидатурасын «Қазақстанның коммунистік халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.