Атырау, 5 қазан 04:28
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қалта ұрысы болу тағдырына жазылған ба?

2 471 просмотра

4-6 наурыз аралығында облыста «Қалта ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 5 наурызда Атырау қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері №14 маршрут автобусында қалта ұрлығын жасағаны үшін бір жігітті ұстады. Одан ішінде 20 мың теңгесі бар ұрланған әмиян алынды. Тексеру кезінде ұсталушының бұрын осындай қылмысы үшін екі мәрте істі болған 18 жастағы Ақсай ауылының тұрғыны екені анықталды. Ол қоғамдық көліктерде бұрын жасаған ұрлықтарын мойындау жауабын беріп, «Насиха» базарының маңындағы үйлердің бірінің жертөлесіне жасырған заттай айғақтардың қай жерде орналасқанын өз еркімен көрсетті.

Көрсетілген жерден зардап шегушілердің құжаттары (ӘЖК, СТН) салынған 10 әмиян табылды.

4 наурызда жедел топ қызметкерлері №12 маршрутта екі әмиян ұрлаған 26 жастағы Атырау қаласының тұрғынын қылмыс үстінде ұстады. Қылмысқа дәлел – екі зардап шегушінің құжаттары сол әмияндардың ішінде болды. Бұл қалта ұрысы да бұрын ұрлық жасағаны үшін екі мәрте сотты болған. Жедел-алдын алу шарасы жалғасуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 наурыз 2015, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.