Атырау, 26 қараша 23:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстанда ауыл шаруашылық саласында мемкорпорациялар құрудың қажеті жоқ, деп есептейді АШМ басшысы

1 745 просмотра

Фото: kazakh-zerno.kzФото: kazakh-zerno.kzАстана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда ауыл шаруашылық саласында мемлекеттік корпорациялар құру қажеттілігі жоқ, деп есептейді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

«Ұжымшарлардың, айталық, ауыл шаруашылығымен айналысатын мемлекеттік корпорациялардың жандануы бола ма? Мен былай деймін: ондай мақсатты біз көздеп отырған жоқпыз, керісінше, біз осы бағдарды – бұның бәрін жеке, кәсіпкерлік негізде жүзеге асыру үшін нарықтық бағдарды әрі қарай жалғастыра беруге ниеттіміз», - деп мәлімдеді А. Мамытбеков жұма күні баспасөз мәслихатында.

Оның ойынша, мемлекет осы үшін небәрі жағдай жасауы тиіс.

«Яғни қаржылай қаражаттардың қолжетімділігі, ветеринарлық, мезгіл-мезгіл амандықтың, ғылыми инфрақұрылымның қамтамасыз етілуі. Қалған барлығы – мемлекетке тәуелдінің бәрі, соның ішінде маркетингілік қолдауға дейін», - деп нақтылай өтті министр.

«Ал осындай мыналарды (мемкорпорацияларды – ҚазТАГ) құру, тіпті мемлекеттік-жеке негізде, дұрыс емес деп санаймыз, өйткені априори мемлекет ол – тиімсіз меншік иесі. Біз бұл нәрседен өттік және бір өткен жерге екі рет оралуды қажет емес деп есептейміз», - деп баса айтты А. Мамытбеков.

Дереккөз: ҚазТАГ

6 наурыз 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.