2-6 наурыз аралығында облыс полицейлері отбасылық-тұрмыстық деңгейдегі қылмыстардың алдын алу жөніндегі «Тұрмыс» жедел-алдын алу шарасын өткізуде.
Учаскелік инспекторлар үй ішінде зорлық-зомбылық көрсетуге бейім ер адамдарды есепке алып, бұрын белгісіз болған жанжалқорларды анықтау жұмыстарын жүргізеді. «Тұрмыс» операциясы басталғалы бері 51 азамат есепке алынған, есепте тұрған мыңнан астам ықтимал жанжалқорлар мекенжайлары бойынша тексерілді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында полицейлер негізінен ҚР ӘҚтК-тің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша құқықбұзушылықтың 30 фактісін анықтады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Атырау +4