Атырау, 29 желтоқсан 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Барлық жаңалық

Төлешовтің сотына журналистерді қатыстырмайтын болды Қазақстанда

Төлешовтің сотына журналистерді қатыстырмайтын болды

Шымкенттің Еңбекші аудандық сотында бейсенбіде бизнесмен Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластары деп танылған сегіз адамның ісін қарауға кірісті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, істі қарайтын судья Мырзалы Жорабаев сотталушыларға құқықтарын түсіндіріп, прокурор айыптау актісін оқыған соң журналистерден сот залын босатуды сұрады. Судья ендігі сот отырысы жабық өтетінін айтып, журналистер үкім оқылған кезде ғана қатыстырылатынын айтты. Сотқа Төлешов пен оның адвокаты, айыпталушы сегіз адам мен олардың адвокаттары қатысып жатыр. 13 шілде 2017, 12:08 1 653 рет қаралды
Арба сүйрегендердің айтары бар Басқа жаңалықтар

Арба сүйрегендердің айтары бар

Атырау теміржол вокзалында маусым айынан бері жолаушылардың жүгін таситын қара жұмысшылар арбасыз жүр. Олардың айтуынша, арбамен жүк тасуға ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғанға дейін тыйым салынған.  13 шілде 2017, 00:00 4 239 рет қаралды
Кооператив кімдер үшін тиімді? Басқа жаңалықтар

Кооператив кімдер үшін тиімді?

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын жақсартудың сан жолдары қарастырылды. Соның бірі – бірлескен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру. Аудандарда кооператив құру барысында банктен несие ала алмау және процесті модернизациялау сияқты көптеген кедергілерге тап болды. Ал Қызылқоға ауданының тумасы Айжан ИЗИМОВА кооператив құруда бәлендей қиындық жоқ деп есептейді және ауыл шаруашылығы саласын көтеруге мүмкіндік мол деп отыр.  13 шілде 2017, 00:00 4 684 рет қаралды
Қосқұлақта Басқа жаңалықтар

Қосқұлақта

Бұрын Қызылқоға ауданы, Көздіғара округіне қарасты Қосқұлақ елді мекенінде «Комсомол» совхозының сиыр фермасы бар еді. Қазір ауылда 116 адам тұрады. Шағын ауылда газ, жарық мәселесі шешіліп, клуб, кітапхана жұмыс жасайды.  13 шілде 2017, 00:00 9 038 рет қаралды
Сәбиді аман алып қалған жолсерікке құрмет көрсетілді Басқа жаңалықтар

Сәбиді аман алып қалған жолсерікке құрмет көрсетілді

Шілденің 1-і күні Атырау бағытына келе жатқан №313-314 «Атырау-Маңғышлақ» пойызында «Маңғыстау-Астрахан» жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай РАМБАЕВА күннің ыстығына шыдай алмай талып қалған 11 айлық атыраулық Фатиманың өмірін алып қалған болатын. Оқиға жолда, Мақат пен Құлсары станциясының арасында, купелердің бірінде болған. Ал кеше, 11 шілде күні Маңғыстаудан Астраханға бет алған жолаушылар пойызын Жәлиевтер отбасы күтіп алып, құрамда келе жатқан жолсерік Алтынай Рамбаеваға алғыстарын білдірді. 12 шілде 2017, 18:53 3 234 рет қаралды
Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді Қазақстанда

Петропавлда жүздеген православ крест шеруін өткізді

Петропавл қаласында христиан әулиелері Петр мен Павелді еске алу күніне орай "Крест шеруі" өтті. Шеруге қатысушы православтар әулилердің соборынан бастап қала көшелерін жүріп өтті. Жыл сайын өтетін крест шеруіне казактар да қатысты. Олар Петр мен Павелдің православтар үшін ұлы әулие екендерін айтады. 12 шілде 2017, 17:39 1 991 рет қаралды
AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды Әлемде

AI: Мосул үшін шайқаста гуманитарлық құқық бұзылды

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, Ирак әскері мен оның АҚШ басқаратын коалициядағы одақтастары Мосул қаласы үшін шайқастарда халықаралық гуманитарлық құқықты бұзды. Құқық қорғаушылардың пікірінше, кебір заң бұзушылықтарды "әскери қылмысқа" теңеуге болады. 12 шілде 2017, 11:27 1 931 рет қаралды
Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті келді   Қазақстанда

Қазақстанға ресми сапармен Германия президенті келді

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 12 шілде 2017, 11:22 2 535 рет қаралды
Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды Әлемде

Украинада ұсталған ресейлік шекарашылар қамалды

Украинаның Херсон облысында 30 маусымда ұсталған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (немесе ФСБ) шекарашылары Аскар Кулуба мен Владимир Кузнецов қамауға алынды. Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олар Украинаның территориялық тұтастығына қол сұқты деген күдікке ілінген. 12 шілде 2017, 11:19 2 456 рет қаралды