Биылғы 7 айдың ішінде Атырау облысына 10 204 адам келсе, 10 170 адам кеткен. Екі көрсеткіш те шамамен 30 пайызға төмендеген.
Жергілікті статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, бізге негізінен Қазақстанның басқа өңірлерінен келушілер көп, Ал ТМД елдерінен жыл басынан бері 109 адам, Қытай мен Түркиядан 24 адам көшіп келген.
Ал облысымыздан кетушілердің басым көпшілігі Ресейді таңдайды екен, ол жаққа 98 адам кетсе, 39 адам бері келген. Тығыз миграциялық алмасу Өзбекстан (+54 адам бізге қарай) және Қырғызстан (+7) елдеріне тиесілі. Өкінішке орай, ТМД елдерінен көшіп келушілердің көпшілігі (Өзбекстан мен Тәжікстан) заңды белінен жиі басатындар.
Фархат ӘБІЛОВ