Атырау, 23 желтоқсан 09:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан мен Өзбекстан шекарадағы кептеліс мәселесін шешті

1 970 рет қаралды



"Б. Қонысбаев" (Қазақстан) – "Яллама" (Өзбекстан) бекеттерінен Өзбекстан транзиті арқылы жүретін жүк көліктері өтетін болады.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында кептеліс мәселесі көліктерді бірнеше бекетке бөлу арқылы шешілмек. Өткен аптаның 16 тамызында "Б. Қонысбаев" (Қазақстан) пен "Яллама" (Өзбекстан) өткізу бекеттерінде жүздеген көлік кептелісте тұрған еді. Қазақстан мен Өзбекстанның кеден қызметтерінің бірінші жетекшілері кептелісті көліктерді бірнеше бекеттерге бағыттау арқылы шешпек:  "Қапланбек" (Қазақстан) — "Навои" (Өзбекстан); "Қазығұрт" (Қазақстан) — "С.Нәжімов" (Өзбекстан);  "Атамекен" (Қазақстан) — "Сырдәрия" (Өзбекстан).

Халықаралық дәрежедегі бұл бекеттер аптасына 7 күн демалыссыз жұмыс істейді.

Қазақстан Қаржы министрлігі комитеті "Б. Қонысбаев" (Қазақстан) пен "Яллама" (Өзбекстан) бекеттерінен Өзбекстан транзиті арқылы жүретін жүк көліктерінің өткізілетінін айтады. "Б. Қонысбаев" және "Қапланбек" бекеттерінің арасы 90 километр, "Қазығұртқа" дейін 120 километр, ал "Атамекенге" дейін 60 километр.

 

Дереккөз: sputniknews.kz

 

23 тамыз 2018, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.